Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Балабақша, мектеп және колледж мамандарының жалақысы 25% өсті

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша балабақша тәрбиешілерінің, мектеп мұғалімдерінің, колледж оқытушыларының, әдіскерлердің, қосымша білім беру педагогтерінің жалақысы тағы 25% өсті.

06.01.2023
Жаңалықтар

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылғы қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-дан көтеріліп келеді.

«Ел президентінің қолдауы арқасында мұғалімдердің жалақысы жыл сайын өсіп келеді. Сонымен қатар, олардың жалақысына қосымша төлемдер белгіленді. Бұл – біліктілік санаты, магистр дәрежесі, пәндерді ағылшын тілінде жүргізу, дәптерлерді тексеру, сынып жетекшілігі, жаңартылған мазмұндағы жұмыс және тәлімгерлік үшін қосымша төлемдер. Мұғалімдердің жалақысын көтеру өз нәтижесін беріп жатыр. Педагог мамандығына университеттің үздік түлектері мен «Алтын белгі» иегерлері келе бастады. Бұл болашақта балалардың оқуына оң әсерін тигізеді», — деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс қосымша спорт секцияларын өткізгені үшін де қосымша ақы қарастырылған. Биылғы қыркүйек айынан бастап, яғни келесі оқу жылына кадр тапшылығы бар өңірлерге тартылған мұғалімдерге лауазымдық жалақысының 150% мөлшерінде қосымша төлем белгіленді.

Еске сала кетсек, мұғалімдердің жалақысы білім деңгейіне, біліктілігіне, жұмыс өтіліне, оқу жүктемесіне, магистр дәрежесіне және басқа да қосымша төлемдерге байланысты есептеледі.

Тегтер: жалақыҚасым-Жомарт Тоқаевмектепмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Қаскелеңде әлемдік деңгейдегі «Dala Stage» кинопавильонының құрылысы басталды

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

Алматы облысында сақман басталды

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

Жаңбыр, жел, тұман: 6 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

Алматы облысында көпқабатты үйден өрт шығып, сегіз адам құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

Алматы облысының 29 дәрігері шетелде біліктілігін арттырды

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz