Аналарға арналған сыйлықтар
Аналар үшін бастысы – көңіл бөлу мен қамқорлық. Олардың жасына, өмір салтына және қалауына қарай мынандай сыйлықтарды таңдауға болады:
- Ауа ылғалдандырғыш;
- Сүйікті иіссуы;
- Косметикалық өнімдер;
- СПА салонына сертификат;
- Стильді шарф немесе палантин;
- Зергерлік бұйымдар;
- Ерекше хош иісті шам;
- Концертке, театрға немесе мұражайға билеттер.
Қыздар мен жасөспірімдерге арналған сыйлықтар
Жасөспірім қыздар трендте жүрген сәнді заттарға қызығады. Олардың жас ерекшелігі мен талғамына сәйкес мыналарды сыйға тартуға болады:
- Балалар косметикасы;
- Косметика немесе парфюмерия дүкеніне сертификат;
- Әшекей бұйымдар;
- Сымсыз құлаққап;
- Шопингке арналған сертификат;
- Фотосессия;
- Қызықты квест немесе шеберлік сағаттарына жолдама;
- Смартфон;
- Смарт сағат;
- Отбасымен басқа қалаға саяхат.
Сүйіктіңізге арналған сыйлықтар
Сүйікті жан үшін бастысы – сіздің шынайы сезіміңіз. Оны қуанту үшін келесідей сыйлықтарды таңдауға болады:
- 10 жылға дейін сақталатын қораптағы раушан гүлдері;
- 3D шам;
- Зергерлік бұйымдар немесе сәнді әшекейлер;
- Сүйікті парфюмериясы;
- Стильді әмиян;
- СПА сертификаты;
- Қолдан жасалған тәттілер (шоколадты құлпынай);
- Романтикалық кездесу немесе саяхатқа жолдама.
Жұбайыңызға арналған сыйлықтар
Жұбайыңызбен бірге өткізген жылдар оның қалауын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Оған ұнайтын сыйлықтардың тізімі:
- Смарт сағат;
- Фитнес білезік;
- Романтикалық кешкі ас;
- СПА сертификаты;
- Бокс жиынтықтар (косметика, кітап, ыдыс, т.б.);
- Мастер-класстарға жолдама;
- Концерт немесе театр билеттері.
Әпкеңізге арналған сыйлықтар
Қандай жас ерекшелігі болмасын, әпкеңізді мынадай сыйлықтармен қуанта аласыз:
- Сыйлық жиынтығы;
- Қолдан жасалған сабын;
- Кітап;
- Жазбаларға арналған магниттік тақта;
- Тәттілер қорабы;
- Алтын немесе күміс алқа;
- Дизайнерлік сағат;
- Суретке түсуге арналған жарық шамы;
- Үстел ойындарына арналған құралдар;
- Шығармашылыққа арналған құрал-жабдықтар.
Әжеңізге арналған сыйлықтар
Әжелерімізге ең бастысы – көңіл бөлінуі. Бірақ оған қоса, мынадай сыйлықтар да керемет әсер қалдырады:
- Қолтаңбасы бар фотожиектеме;
- Жібек орамал;
- Ортопедиялық жастық;
- Есімі жазылған атаулы қойындәптер;
- Тәттілердің сыйлық жиынтығы;
- Әмиян;
- Хоббиге арналған құралдар;
- Жарығы бар үлкейткіш.
Әріптестеріңізге арналған сыйлықтар
Әріптеске сыйлық таңдауда бейтарап, бірақ пайдалы әрі жағымды нұсқалар дұрыс:
- Скетчбук;
- Пазл;
- Флорариум;
- Үстелге арналған кеңселік бұйым;
- Қолшатыр;
- USB жылытқышы бар кружка;
- Тәттілер жиынтығы.
8 Наурыз мерекесіне арналған сыйлықтарды таңдауда сыйлықтың бағасынан гөрі, оның мәні мен шынайы көңіліңіз маңызды. Сыйлықты таңдағанда әйел адамның мәртебесіне, өмір салтына, қызығушылықтарына және сізбен қарым-қатынас деңгейіне ерекше мән беріңіз. Бұл сіздің таңдауыңызды дәл әрі мағыналы етуге көмектеседі!