11 °c
Qonaev
Пятница, 13 июня, 2025
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Мақала

Ертеңгі егіннің негізі – сапалы тұқым!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында стратегиялық басымдықтардың бірі селекция мен тұқым шаруашылығын жандандыру екенін мәлімдеді. Бұл ретте ғылымның дамуына басты назар аудару қажет. Алдымен тұқым шаруашылығының не екенін және тұқымды таңдауда неге назар аудару қажеттігін атап өтейік.

by Мөлдір Иманмади
06.05.2025
in Мақала
Фото: relixseeds.ru

Фото: relixseeds.ru

Сапалы тұқымды қалай ажыратамыз?

Тұқым шаруашылығы — өсімдік шаруашылығындағы негізгі сала, өсімдік шаруашылығының өнімділігі мен экономикалық әлеуеті тұқым сапасына байланысты. Сапалы тұқым — өнімділіктің негізі. Оның сапасына тек саны ғана емес, өсімдіктердің ауруларға, ауа-райына төзімділігі мен пісетін уақытына да байланысты. Тіпті ауылшаруашылығы техникалары заманауи жабдықталған болса да сапасыз тұқымдар жақсы нәтиже бермейді. Ал сапалы тұқымдардың ең бірінші қасиеті — өнгіштігі, өсу энергиясы, тазалық және сұрыптық қажеттілік. Тұқымдар міндетті түрде зертханалық тексеруден, сертификаттаудан өтеді, сонымен қатар мемлекеттік стандартқа сәйкес келеді. Сонымен қатар, аудандарға бөлуді ескеру маңызды. Яғни сұрыптың белгілі бір аймаққа қаншалықты сәйкес келетінін есепке алу қажет.

Өңделген тұқым (сол жақта) және өңделмеген тұқым (оң жақта)

Элиталы және жай тұқымдардың айырмашылығына келсек, элиталы тұқымдар – бұл сұрыптаудан өткен өнімдер. Олардың өнімділігі жоғары және стресске төзімді. Олар қатаң стандарттарға сәйкес шығарылады, кейіннен репродуктивті ұрпақтары өсіріледі. Өңделмеген тұқымдардың тұрақты өнім беретініне кепілдік жоқ. Әсіресе өнеркәсіптік ауқымда бұл тұқымдар тиімсіз. Бірақ тұқым таңдауда диқандар көбіне қателіктерге жол береді. Ең жиі қайталанатын қателік – арзан сертификатталмаған материал сатып алу. Сондай-ақ  аудандастыру және егу бойынша ұсыныстарды елемеу. Кейде егін егушілер егін жинағаннан кейін «өз» тұқымдарын алады, бірақ ол сұрыптың уақыт өте келе нашарлайтынын түсінбейді.

Фитосараптаманың маңызы

Тұқымның фитосараптамасы – бұл өсімдіктердің дұрыс өсуі мен жоғары өнімділігін қамтамасыз ету үшін егуге дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі. Аталған үрдістің негізгі мақсаты – тұқым материалының жасырын инфекцияларға, соның ішінде саңырауқұлақтар, бактериялар және вирустарға қарсы патогендерден таза екендігін анықтау. Осылайша, тұқымды егу алдында фитосараптамалық зерттеу жүргізу аса маңызды.

Жалпы алғанда ауылшаруашылық дақылдардың ауруларының барлық қоздырғыштарының 60%-дан астамы тұқыммен таралады. Тұқымда кездесетін микрофлора сапрофитті (пеницилл, аспергил, мукор, альтернария және т.б.) және патогенді (қаракүйе, гельминтоспориоз, фузариоз және т.б.) болады. Тұқымның патогенді кешенінің құрамына саңырауқұлақтар мен бактериялардың ондаған түрі кіреді.

Фитосараптама жасалған тұқымдар

Патогенді және сапрофитті микрофлораның кешені тұқымның энзимді-микозды сарқылуын тудырады. Бұл өсу кезеңінде өсімдіктердің өнгіштігіне, өсу қарқындылығына және дамуына кері әсер етеді. Тұқым өскен кезде олар тамыр жүйесінің ризосферасында жинақталады және тамырдың шіруін қоздыруы мүмкін. Тұқымдық материалдың сапасын жан-жақты бағалау үшін оның патогенді микрофлорамен залалдануын міндетті түрде зерттеу қажет, яғни фитосараптама жүргізу қажет.

Тұқымның фитосараптамасы оны бақылаудың маңызды элементі болып саналады. Ол тұқымдық материалдың басқа да сапасы мен өсу энергиясын анықтауға қарағанда аса маңызды мағынаға ие. Ауруларды дұрыс болжау, олардың пайда болуының себебін және даму ерекшеліктерін алдын-ала білу және қорғаныс іс-шараларын тиімді жүргізуге негіз болады.

Тұқымның өңдеуге дейінгі жағдайы
Сауықтырылған тұқым

Сонымен қатар, фитосараптама тұқымды сапалы дәрілеуге де септігін тигізеді. Тұқымдарды фитосараптамадан өткізу тек препаратты дұрыс таңдап қана қоймай, дәрілеуге дифференцияалды қарауға, яғни қорғау құралы жетпеген жағдайда дәннің қатты залалданған топтарына аса көңіл аударып, оларды қайта бөлуге мүкіндік береді.

Неліктен фитосараптамадан өткізу қажет:

  1. Аурудың таралуын болдырмау. Көптеген фитопатогендер тұқым арқылы беріледі. Уақытылы сараптама жасалмаса егіннің бір бөлігін жоғалтып қана қоймай, алдағы жылдары да егілетін егінге «жұқтыруға» қаупі жоғары.
  2. Тиімді дәрілеу әдісін таңдау. Белгілі бір қоздырғышты біле отырып, диқан қажетті препарат пен өңдеу әдісін таңдай алады.
  3. Шығындарды азайту. Ауру вегетациялық кезеңде қымбат химиялық дәрілеуді қажет етеді, ал тұқымдарды тексеру арқылы аурудың алдын алу әлдеқайда арзанға түседі.

Фитосараптаманы егіс алдында, жаңа жеткізушілерден тұқым сатып алғанда немесе өз тұқымдық материалыңызды қайта пайдалануды жоспарлаған кезде жүргізу қажет. Фитосараптама – бұл жай ғана «формальдылық» емес, дақылдардың биологиялық қауіпсіздігінің кепілі.

Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының мүмкіндіктері

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін тұқым материалының сапасының маңыздылығын ескере отырып, Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты өз зерттеулерінде әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым материалын сауықтыруға  басымдық береді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын себу сапасына және фитопатогендік кешенді белгілеуге фитосараптама жүргізіледі.

Институтта зиянды организмдерді сәйкестендіру, пестицидтерді токсикологиялық бағалау бойынша сапалы талдау жүргізу үшін ИСО/МЭК-17025 бойынша және халықаралық стандарттар бойынша аккредиттелген фитосанитариялық зертханалық талдау сынақ орталығы мен осындай қызметті ұсына алатын аккредиттелген зертхана бар. Білікті мамандар тұқым үлгілерін зертханалық жағдайда классикалық және ПТР талдау әдісін қолдана отырып зерттейді. Бұл патогендердің бар-жоғын анықтап қана қоймай, инфекция деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Сондықтан шаруалар өз тұқым материалдарын фитосараптамадан өткізгісі келсе, біздің институтта ондай мүмкіндік жеткілікті!

Tags: ауылшаруашылығы дақылдарыЖазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтыфитосараптама

Ұсынымдар

Фото: Alataunews.kz/Дамир Нұрқасым

Кеген ауданында 280 келі сирек кездесетін ағаш тұқымы егілді

13.06.2025
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Қонаевта тағы бір сквер пайда болады

13.06.2025

Қонаевта кәріз-сорғы станцияларын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

13.06.2025

Қонаевта сасық иіс: қала әкімі жауап берді

13.06.2025

Жақсылық жасап жарысқан жастар: Алматы облысы үздіктер қатарында

13.06.2025

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

13.06.2025
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz