Мазмұны:
1.Кіріспе
2.Түркістан қаласының тарихы мен киелілігі
3.Қожа Ахмет Ясауи: өмірі мен мұрасы
4.Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихымен құрылымы
5.Кесененің сәулеттік ерекшеліктері
6.Кесененің қасиеті мен киесі
7.Кесенеде жерленген тарихи тұлғалар
8.Кесененің түркі әлеміндегі маңызы
9.Түркістан – туристік аймақ
10.Түркістандағы туризмнің дамуы және индустрия
11.Түркістандағы туризмді әлемдікдеңгейге көтеру жолдары
12.Қорытынды
Түркістан – Оңтүстік Қазақстанның тарихқа тұнған, киелі мекендерінің бірі. Бұл қала өзінің терең тамыры бар, 1500 жылдан астам тарихымен ерекшеленеді. Түркістан – түркі жұртыны ңрухани астанасы ғана емес, сонымен қатар бір кездері Қазақ хандығының саяси орталығы болған қасиетті мекен.
Тарих беттерінен ойып тұрып орын алған бұл қала бүгінгі күні де өз маңызын жойған жоқ. Әсіресе Әмір Темірдің пәрменімен тұрғызылған Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен аты әлемге танымал. Бұл киелі орын жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Орталық Азия елдерінен мыңдаған туристерді өзіне тартып келеді.
Түркістан тек діни туризммен шектелмейді, мұнда тарихи-мәдени мұралар да жетерлік. Ежелгі өркениеттің ізі қалған Отырар қаласының орны – ерекше тарихи мәнге ие археологиялық аймақ. Бұл көне шаһардың гүлденген кезеңі Отырар оазисі тарихи-мәдени қорығынаенгізілген ескерткіштерден айқын көрініс табады. Сондай-ақ, моңғол шапқыншылығы кезінде Отырар қаласының ерлікпен қорғануын баяндайтын тарихи мұражай бар. Онда түрлі құнды экспонаттар мен жәдігерлер арқылы бабаларымыздың жауға деген қайсарлығы мен ұлтжандылығы айқын сипатталады. Одан бөлек, XII–XX ғасырларға тиесілі сәулет өнерінің үлгісі– Қожа Ахмет Ясауидің рухани ұстазы Арыстанбабтың кесенесі де көпшіліктің көзайымына айналған орындардың бірі. Бұл да – Түркістандағы зиярат етушілер міндетті түрде бас сұғатын қасиетті мекен.
Қалада Қожа Ахмет Ясауи өмір сүріп, өзініңсопылық ілімін таратқан. Оның ықпалымен Түркістан бүкіл түркі әлемінің руханио рталығына айналды. Қазақ хандығының тұсындаТүркістан астана болып, елдің саяси және мәдени өмірінің орталығы болды.
Қожа Ахмет Ясауи – XII ғасырда өмір сүргенұлы сопы, ақын және ойшыл. Ол түркі халықтарының арасында ислам дінін насихаттап, сопылық ілімнің негізін қалады. Оның еңбегі – «Диуани хикмет» – түркі тілінде жазылған алғашқы діни-дидактикалық шығарма болып табылады.
Ахмет Ясауи өзінің өмірін қарапайымдылықпен тақуалыққа арнап, халықты рухани тазалықпен имандылыққа шақырды. Оның ілімі түркіхалықтарының рухани дүниетанымына терең әсер етті.
Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін, оның қабірі зиярат орнына айналды. XIV ғасырдың соңында Әмір Темір оның құрметінеүлкен кесене салуды бұйырды. Кесене 1397–1405 жылдар аралығында салынып, Орта Азиядағы ең ірі сәулет ескерткіштерінің біріне айналды.
Түркістан – ғасырлар қойнауынан жетке нтарихи, рухани, мәдени мұраның қайнар көзі. Бұл қала тек қазақ халқы үшін ғана емес, күллі түркі жұрты үшін де киелі, қасиетті мекен саналады. Оның қақ жүрегінде орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – ата-бабалар аманаты, ұлт жадын ұрпаққа жалғайтын мәңгілік мұнара. Бұл өңірдің әрбір тасы мен топырағында терең тарих, ұлттыңұлы рухы сақталған.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – XIII-XIV ғасырлардағы сәулет өнерінің ең озық үлгісі ғана емес, сонымен қатар, түркі әлемінің рухани өзегіне айналған орын. Әмір Темірдіңбұйрығымен бой көтерген бұл кесене тек зират емес, ол – тұтас бір философиялық, мәдени, саяси идеяның көрінісі. Оның ішкі құрылымы мен сәулетінде исламдық, парсылық, жергілікті мәдениеттің үйлесімді тоғысы бар. Кесенедегі бас портал, 35 метрлік күмбез, құлпытастар, өрнектелген қыштар – барлығы ортағасырлық сәулет өнерінің жауһары. Сондай-ақ, мұнда орналасқан алып Тайқазан – бейбітшілік пен берекенің символы ретінде ерекше құрметтеледі.
Түркістан – қазақтың ғана емес, бүкіл түркі халықтарының рухани астанасы. 2018 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Түркістанды облысорталығы ету туралы Жарлығы жаңа кезеңнің бастауы болды. Түркістанның түркі дүниесіндегі рөлі артып, Түркі мемлекеттері ұйымының шешімімен ол ресми түрде Түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесін иеленді. Бұл – тарихи әділеттің орнауы, рухани жадымыздың қайта жаңғыруы.
Қалада соңғы жылдары туризм мен инфрақұрылым ерекше қарқынмен дамып келеді. «Керуен-сарай» туристік кешені, заманауи қонақүйлер, халықаралық әуежай, жаңа мұражайлар мен мәдени нысандар бой көтеріп, Түркістанды шетелдік саяхатшылар үшін тартымды бағытқа айналдырып отыр. Мұнда жылсайын түрлі рухани-мәдени форумдар, халықаралық конференциялар, туристік фестивальдер ұйымдастырылады. Түркістан – тек тарихи қала емес, ол – қазіргі заманмен үндескен, келешекке нық қадам басқан мәдени орталық.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның айналасындағы тарихи орындар көптеген ұлы тұлғалардың соңғы мекеніне айналған. Абылайхан, Есім хан, Тәуке хан, Жалаңтөс баһадүр, Қанай би сынды ел тарихында өшпес із қалдырған бабаларымыз осы жерге жерленген. Бұл – Түркістанның қазақ халқының саяси және рухани өмірінде ерекше орын алғанын дәлелдейді. Қазақ хандарының «Түркістанда таққа отыруы – елге билік орнатуының белгісі» саналған. Яғни бұл өңір – мемлекетшілдік пен ел бірлігінің ордасы болған.
Неліктен Түркістан киелі мекен саналады?
Түркістан – тек тарихи қала ғана емес, қазақ халқы үшін ерекше киелі, рухани мағынасы терең мекен. Бұл жерді халық ежелден «екінші Мекке» деп атаған. Мұның бірнеше себебі бар.
Біріншіден, Түркістан – Қожа Ахмет Ясауи бабамыз мәңгілік тыныс тапқан орын. Ол – түркіхалықтарына ортақ рухани ұстаз, ислам дінін түркі даласына бейімдеп, ұғынықты етіп жеткізген ұлы тұлға. Оның «Диуани хикмет» атты еңбегі ғасырлар бойы түркі мұсылмандарының жүрегінен орын алған. Сондықтан да Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – күллі мұсылман әлемі үшін қасиетті орынға айналды. Жүздеген жылдардан бері халық бұл кесенегекеліп, Құран бағыштап, тілек тілеп, тәубесіне келіп қайтады. Бұл дәстүр үзілмей жалғасыпкеледі.
Екіншіден, Түркістан топырағында қырықтанаса хандар, батырлар, билер мен әулие-әмбиелер жерленген. Абылай ханнан бастап, Есім хан, Қазыбек би, Жәнібек батыр сияқты ұлы тұлғаларосы киелі мекеннен мәңгілік орын тапқан. Бұл да Түркістанның қасиетін арттыра түседі. Қазақ үшін ерлердің рухы жатқан жер – киелі жер.
Үшіншіден, халық арасында Түркістанда үш рет зиярат ету – кіші қажылықпен тең деген наным бар. Бұл – дін мен дәстүрдің үндестігінен туған ұғым. Әсіресе жолы түспейтін қарттар, науқас жандар мен алыстағы мұсылмандар үшін бұл киелі орынға бару үлкен сауап болып саналады.
Төртіншіден, Түркістан тек тарих емес, ол – рухани тазару, жанның шипасы. Көп адамдар Түркістанға барған соң көңілінің жай табатынын, іштей тазаратынын айтады. МұныТүркістанның киесімен байланыстырады. Киеліжердің қуаты бар деп сенеді халқымыз. Бұл сенім– ұлттың рухани дүниетанымының бір бөлшегі.
Кесене – порталды-күмбезді құрылыс, ұзындығы 65,5 м, ені 46,5 м, биіктігі 39 м. Оның құрамында 35 бөлме бар, олардың ішінде Қазандық, Қабірхана, Мешіт, Кітапхана, Асхана, Құдықхана және басқа да бөлмелер орналасқан. Кесененің орталық бөлмесі – Қазандықта үлкен Тайқазан орналасқан.
Кесене Орта Азиядағы сәулет өнерінің жауһары болып табылады. Оның басты ерекшеліктері:
Портал: Бас қасбеттің биіктігі 18,2 м, ол салтанатты кіреберіс ретінде қызмет етеді.
Күмбездер: Кесенеде бірнеше күмбез бар, олардың ең үлкені – Қазандықтың үстіндегі күмбез.
Михраб: Мешіттің батыс қабырғасында орналасқан, мозаикамен әшекейленген қасиетті орын.
Құдықхана: Қожа Ахмет Ясауи өмір сүрген кезде пайдаланылған жер асты бөлмесі.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – тек көркем архитектуралық туынды емес, ол ішіндегі жәдігерлерімен де аса құнды. Бұл жәдігерлер – бірнеше ғасыр бұрынғы рухани, тұрмыстық, тарихи өмірдің куәсі әрі түркі мұсылманөркениетінің нақты айғағы. Кесене ішіндегі ең маңызды жәдігерлер мен олардың құндылығынатоқталайық:
1. Тайқазан:
• Жасалған уақыты: 1399 жыл.
• Орналасқан жері: Кесененің үлкенғимаратындағы орталық зал – Қазандықбөлмесінде.
• Салмағы: Шамамен 2 тонна, диаметрі – 2,45 м.
• Материалы: Құрамында мыс, қалайы, мырыш, қорғасын, күміс, темір бар.
Тайқазан – түркі-мұсылман өркениетінің бейбітшілік, бірлік, рухани байлық нышаны. Ол тек діни ғұрыптарға емес, халықты біріктіруге, ауызбіршілікті дәріптеуге арналған. Ұзақ уақытСанкт-Петербургтегі Эрмитажда сақталып, 1989 жылы қайта әкелінді. Бұл – отарлық кезеңнен кейінгі рухани тәуелсіздіктің белгісі деуге болады.
2. Аңызға айналған есіктер мен қақпалар. Кесененің есіктері мен қақпалары өте шебержасалған. Ою-өрнек, арабша жазулар – барлығы Ислам өркениетінің жоғары эстетикалық талғамын танытады. Олардың кейбірі – сол дәуірдегі ағаш, қола және темір шеберлігінің асқан үлгісі. Мұндай есіктер – XIV-XV ғасырлардағы шеберліктің биіктігін көрсететін сирек мұралар. Және бір қызығы, сан ғасырлық мұра болса да әлі күнге дейін бүлінбей, бастапқы қалпын сақтап қалған.
3. Құлыптастар мен сағана тамдар. ҚожаАхмет Ясауидің қабірі арнайы темір шарбақпен қоршалған және оның үстінде кітапша пішіндес құлпытас қойылған. Бұл құлпытас XIV-XV ғасырлардағы исламдық эпитафия жазу дәстүрінің айқын көрінісі.
Кесенеде Қожа Ахмет Ясауиден басқа да тарихи тұлғалар жерленген. Мысалы, Есім хан, Жолбарыс хан, Абылай хан, Қаз дауысты Қазыбекби, Жәнібек батыр, Бабыр хан. Ондағы құлыптастар мен сағана тамдардың әрқайсысы – сол тұлғаның мәртебесі мен дәуірін бейнелейтін тарихи жәдігер. Бұл тастарда араб, парсы, көне түркі тілдерінде жазулар сақталған, олар тарихшылар үшін дереккөзі ретінде өте құнды.
4. Архивтік және діни жазбалар. Кесененің кейбір бөлмелерінде көне жазба кітаптар, Құран Кәрімнің қолжазба нұсқалары, діни еңбектер, соның ішінде “Диуани Хикметтің” көне көшірмелері сақталған. Бұлар арнайы қорға алынған және ғылыми-зерттеу мақсатындақолданылады. Бұл жазбалар – түркі сопылық ілімінің, исламдық білім мен мәдениеттің сол дәуірдегі таралуының нақты айғағы.
5. Шілдехана және жерасты бөлмелері. Шілдехана – Қожа Ахмет Ясауидің 63 жасынан кейін дүниенің қызығынан бас тартып, жерасты бөлмеде ғұмыр кешкен орны. Бұл бөлме кесене ішінде ерекше атмосферасымен таңғалдырады. Шілдехана – сопылық руханияттағы «ішкітазару», «тылсыммен байланыс» символы ретінде қасиетті орын саналады. Бұл бөлменің сәулетімен атмосферасы да сол рухани тереңдікке жетелейді.
6. Құдықтар мен су жүйелері. Кесен еаумағында ежелгі су тарту жүйелері, құдықтар бар. Олар сол кездегі инженерлік ойдыңдамығанын көрсетеді. Бұл жүйелер кесене ішіндегі мешіт, медресе және басқа бөлмелерді сумен қамтамасыз етуге арналған. Археологиялық және реставрациялық жұмыстаркезінде бұл жүйелердің кейбірі қалпына келтіріліп, туристерге көрсетілуде.
Бұл жәдігерлер ұлт руханиятының материалдық және рухани сабақтастығын дәлелдейді. Олар ортағасырлық ғылым, дін, философия, өнер, шеберлік, мемлекеттілік, шежіре сынды түрлі салалардың тоғысынкөрсетеді. Әлемдік өркениетте өз орны бар мұралар арқылы біз өткенімізді тани отырып, болашағымызға бағдар жасаймыз.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – мұсылман қауымы үшін қасиетті орын. Қазақ халқы арасында «Түркістанға барып зиярат етсең, кішіқажылық жасағандай боласың» деген наным бар. Кесене – рухани тазалық пен имандылықтың символы, түркі әлемінің рухани орталығы. Ол түркі халықтарының бірлігі мен мәдениетініңкөрсеткіші болып табылады. 2003 жылы кесене ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізімінеенгізілді.
Соңғы жылдары Түркістан қаласы жаңа серпінмен дамып, халықаралық деңгейдегі заманауи инфрақұрылымдар бой көтерді. Қаладағы “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, жаңадан салынған“Керуен-сарай” туристік кешені, “Ұлы дала елі” орталығы, этноауылдар мен мәдени нысандар – мұның бәрі өңірді әлемге танытуда маңызды орынға ие.
Түркістан облысы мен қаласын дамытумақсатында арнайы “Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы” атты кешенді жоспар жасалды. Соңғы бес жыл ішінде қалада бірнешехалықаралық деңгейдегі қонақ үйлер, туристікнысандар, әуежай, теміржол вокзалы және жаңа жол-көлік инфрақұрылымы іске қосылды. Соңғы жылдардағы негізгі жетістіктер:
•2020 жылы жаңа халықаралықәуежай ашылды;
•“Керуен-сарай” – туристік-сауықкешені салынды;
•Заманауи қонақүйлер желісі (Hilton, Rixos т.б.) іске қосылды;
• Түркістан–Шымкент–Ташкент бағытындағы автожол мен теміржол желісі дамып жатыр.
Қалада туризммен байланысты жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті кәсіпкерлік өркендеуде. Мұның барлығы – ішкі және халықаралық туризм ағынын арттыруға септігінтигізіп отыр. Түркістанды шын мәнінде халықаралық туризмнің орталығына айналдыру үшін келесі бағыттарда жұмыс күшейтілуі тиіс:
1. Тарихи-мәдени туризмді тереңдету. Түркі әлемінің тарихи тұлғаларына арналған арнайыэкспозициялар жасау, Қожа Ахмет Ясауидің ілімін халықаралық деңгейде дәріптеу, ЮНЕСКО аясында ғылыми симпозиумдар өткізу.
2. Сопылық бағыттағы рухани туризмдіжандандыру. Кіші қажылық, зират туризмі бағытында бағдарлама әзірлеу, Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын насихаттайтын көптілді гидтерді даярлау.
3. Инфрақұрылымды жетілдіру. Әуе рейстері санын арттыру, электронды визалар жүйесін жеңілдету, көрші елдермен (Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия) біріккен туристік маршруттар құру.
4. Мәдени шаралар ұйымдастыру. “Түркістан– түркі мәдениетінің бесігі” атты жыл сайынғы фестиваль, Түркі тілдес елдердің мәдениапталығы, Түркі музыкасы мен дәстүрлі өнерінің халықаралық байқауы.
Түркістан – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, күллі түркі жұртының рухани алтын қазынасы. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – бұл тек архитектуралық ғажайып емес, сан ғасырлықтарих пен танымның, сопылық ілім мен руханиі зденістің тоғысқан қасиетті мекені.
Осы киелі жерде ғасырлардан жеткен өркениеттің ізі сайрап жатыр. Бүгінгі Түркістан – тарих пен болашақтың, дін мен мәдениеттің, ұлттық рух пен жаңашыл дамудың тоғысқан жері. Сондықтан Түркістанды дамыту – бұл бірқаланың ғана емес, күллі ұлттың рухани серпілісі. Оның туристік, тарихи, мәдени әлеуетін әлемге таныту – қазіргі ұрпақтың қасиетті міндеті.
Альбина Ташметова, Альбина Мергенқызы
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті филология факультеті 1 курс студенті
Ғылыми жетекші: Қозыбақова Фатима Ақынбаевна
Фото: gov.kz