11 °c
Qonaev
Четверг, 17 июля, 2025
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мектеп оқушысы әлемде жоқ дүние ойлап тапты

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Қанат Тәжіхан заманауи қалқымалы күн электростанциясын ойлап тапты. Құрылғы қарапайым күн панельдерінен қарағанда 65%-ға көп электр энергиясын өндіреді. Жас ғалыммен Alataunews.kz ақпарат агенттігінің тілшісі тілдесіп қайтты.

by Мөлдір Иманмади
22.08.2024
in Қоғам, Мақала

Жобаның мақсаты күн станцияларының шығындарын өтеу арқылы тиімділікті арттыру. The Future Solаr Power Plant деп аталатын қалқымалы күн панелінің ерекшелігі арнайы қалқымалы платформаның көмегімен жер бетіне емес, су бетіне орнатылады.

Нәтижесінде күн сәулесі суға шағылысып, энергия өндірісі артады. Жас өнертапқыш бұл жобаны 7-сыныптан дамытып келе жатыр екен.

2023 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары-2023» жобасы аясында 3 млн грантын жеңіп алып, биыл мақсатын жүзеге асырып, заманауи әрі ақылды күн панельдерін іске қосты.

Неге ақылды? Себебі, арнай күн трекерлері орнатылған. Олар күннің бағытын бақылап, күн ұясына батқанша бұрылып отырады және түн батқанда өздігінен сөнеді. Сонымен қатар, тағы бір артықшылығы дербес тазалау құрылғыларымен жабдықталған. Сол арқылы 95%-ға көбірек энергия өндіреді.

Ал қарапайым біз қолданып жүрген күн панельдерінің қуаттылығы төмен және қанша энергия өндірсе, сонша энергия жұмсайды. Сондықтан тиімсіз дейді жас ғалым.

«Өздеріңіз білесіздер жасыл энергия ол ең таза әрі қауіпсіз энергияға жатады. Біз әлі күнге дейін энергияны көмірден алып отырмыз. Ал күн панельдерінің қуаттылығының төмендігі оларды кең ауқымда қолдануға тиімсіз етеді. Мен осы Қазақстандағы энергия тапшылығын жасыл энергияның көмегімен шешкім келеді. Жасыл энергияны дамыту арқасында біз атмосфераға парниктік газдың шығаруын тоқтатып, климаттың өзгеруін азайтамыз. Жаңартылған энергия қоршаған ортаны ластамайды және сарқылмайды. Ал қазба отындар ерте ме, кеш пе таусылады. Сондықтан күн көзінен барынша көп энергия өндіріп, оны қолдану жолдарын жақсарту арқылы қарапайым күн станцияларының шығындарын өтейміз, нәтижесінде тиімділік артады», — деп атап өтті Қанат Тәжіхан.

Жастайынан жобалау және инженерия, IT, автоматтандыру саласына қызығып, экологиялық әрі  социологиялық мәселелерді шешуге атсалысып келеді.

«Тұрақты жол» ұлттық әлеуметтік эконауқаны  Республикалық эко-стартап сайысының 2 млн грант иегері атанды.

Экология министрлігінің тарапынан ең үздік экологиялық жоба атағымен 1 орынды жеңіп алды.

Осы ретте Қанатқа барынша қолдау көрсетіп келе жатқан, көкесі Минаж Мұхамеджан оның өте талантты әрі талапты екенін тілге тиек етті.

«Тіл-көзден сақтасын ол өте талантты. Ойлап тапқан жобасы да өте керемет. Өткен жылы Қанат осы грантты ұтып алғаннан кейін, енді күн панельдерін қайда орналастыратынымызды ойластырдық. Алдымен өзінің туған жері Тараз қаласына қоямыз ба деп ойладық. Бірақ қажетті құрал-жабдықтардың 80%-ы Алматы қаласында болды. Сосын баланың қанатын қимайық деп, Алматы облысы Түрген ауылындағы өзім басқарып отырған «Минаж» ШҚ аумағына орналастыруды жөн көрдік. Бұл жақтың ауасы да экологиясы да таза болғандықтан жақсы келді», — деді  Минаж Мұхамеджан.
Қанат Тәжіханның жобаны жүзеге асыруға атсалысқан командасы
Қанат Тәжіханның жобаны жүзеге асыруға атсалысқан командасы

Сонымен қатар, ол қиындықтардың да болғанын жасырмады.

«Мемлекенттен бөлінген грант үш миллион теңге. Ал жобаның жалпы құны 4,5 миллионды құрады. Оған қажетті құрал-жабдықтар, тасымалдау және жұмысшылардың еңбекақысы кірді. Біз барынша қолдау көрсеттік. Себебі, теория бөлек, практика бөлек дегендей. Осы ретте өзіміздің өмірлік тәжірибемізбен бөлістік», — деп атап өтті ол.

Ендеше, жас та болса, бас болып ірі әрі маңызды жобаны қолға алып жатқан Қанатқа қанатың талмасын, талабың өрге жүзсін дегіміз келеді.

Tags: Басты жаңалықтаркүн электр станциясыҚалқымалы күн панеліҚанат Тәжіхан

Ұсынымдар

Президент шахматшы Меруерт Камалиденованы құттықтады

16.07.2025

Қазақстандықтар тамызда неше күн демалады?

16.07.2025

Бауыржан Рапиков туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды

16.07.2025

Президент үш жаңа заңға қол қойды

16.07.2025

Алматы облысында жол сапасы жақсарып келеді

16.07.2025
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

“Әділдік пен таңдау еркіндігі – ваучерлік жүйенің басты артықшылығы”

15.07.2025
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz