11 °c
Qonaev
Пятница, 23 мая, 2025
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Мақала

MЕTU – Инженерлік жетістіктер мекені және тағам өндірісінің технологиялық болашағы

Техникалық білім – ел дамуының іргетасы. Осы қағиданы берік ұстанған Халықаралық инженерлік-технологиялық университет – Қазақстандағы жаңа буын инженерлік білім беру жүйесінің көшбасшыларының қатарында.

by Қорлан Нұрланқызы
28.04.2025
in Мақала

Университет – цифрлық оқыту моделіне алғаш болып көшкен техникалық жоғары оқу орындардың бірі. Бұл жер бүгінгі күннің ғана емес, болашақтың сұранысына ие білім кеңістігін қалыптастырады.

         Білім беру жүйесі еңбек нарығындағы нақты қажеттіліктерге бағытталған. Барлық оқу бағдарламалары өндірістік сұраныс пен салалық даму динамикасына лайықтап жасалған. Инженерлік, ақпараттық технологиялар, биотехнология, цифрлық экономика салаларында білім алатын жастар болашақ мамандығына алғашқы курстан-ақ бейімделеді. Университет тек кәсіби машықты үйретумен шектелмейді. Бұл жерден көшбасшылық, шешім қабылдау, командалық жұмыс пен инновациялық жоба құру дағдыларын меңгеріп шығуға болады.

         Оқу орнының беделді құрылымдарының бірі – «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасы. Мұнда тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ететін инженер-технологтар дайындалады. Олар экологиялық талаптарға сай өндіріс жүргізетін әрі жоғары технологиялармен жұмыс істейтін мамандар болып шығады. Оқу процесі тағам өнімдерін өндірудің заманауи әдістерін, стандарттау мен сертификаттау қағидаттарын қамтиды.

         Сондай-ақ агротехнологиялық жабдықтарды пайдалану мен жобалау үйретіледі. Жеміс-көкөніс шаруашылығы мен топырақ ресурстарын басқару тәсілдері де оқу бағдарламасына кірістірілген.   Кафедраның ерекшелігі – теория мен практиканы ұштастыруында. Студенттер арнайы зертханаларда, өндірістік алаңдарда тәжірибе жасап, нақты кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істейді. Тағам өнеркәсібіндегі заманауи технологияларды игеріп, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу мен сақтау, агроинженерлік жүйелерді жобалау бойынша білім алады. Бұл – оларды еңбек нарығында сұранысқа ие, әмбебап маман ретінде қалыптастыруға көмектеседі.

         Кәсіби тәжірибе оқу орнының серіктестік байланыстары арқылы жүзеге асады. Студенттер тағам және агроөнеркәсіп саласындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындарда тәжірибеден өтіп, кәсіби ортаның талаптарымен ерте танысады. Жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары. Себебі университетте арнайы мансаптық даму орталығы жұмыс істейді. Онда студенттерге түйіндеме жазу, сұхбатқа дайындалу, жұмыс берушілермен байланыс орнату сынды дағдылар үйретіледі.

         Оқу орнының халықаралық байланыстары да кең. Польша, Түркия, Корея, Қытай сынды елдердің жетекші университеттерімен серіктестік келісім жасалған. Оның арқасында білім алушылар қос диплом, шетелдік тағылымдама және ғылыми тәжірибе мүмкіндіктеріне ие болады.

         Талапкерлерге арналған мүмкіндіктер кең ауқымды қамтиды. Оларға мемлекеттік және ішкі гранттар, стипендиялар тағайындалады. Заманауи жабдықталған жатақханалар да қолжетімді болады. Сонымен қатар онлайн қабылдау жүйесі жұмыс істейді.Ашық есік күндері мен кәсіби бағыт-бағдар беретін консультациялар тұрақты түрде өткізіледі. Ал жоғары оқу орнының әлеуметтік желілердегі белсенділігі ата-аналар мен талапкерлерге үздіксіз ақпарат алып отыруға мүмкіндік береді.

         Университет – жай ғана оқу орны емес. Бұл – нақты өндірісте жұмыс істейтін мыңдаған инженердің кәсіби жолы басталатын мекен. Тағам өндірісі, ауылшаруашылық инжиниринг, сапа менеджменті, технологиялық құрылғылар мен инновация салаларында өз орнын тапқысы келетін жастарға – ең дұрыс бағыт.

         Келешегіңді жоғары технологиямен байланыстырып, ел дамуына үлес қосқың келсе – университет есігі әрдайым ашық. Болашақ осы жерден басталады.

Таттибаева Дамира Бактияровна, PhD, «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының меңгерушісі

Дәулетханқызы Арайлым, техника ғылымдарының магистрі, Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы кафедрасының аға оқытушысы.

Tags: мақала

Ұсынымдар

Алматы облысында өрт қаупі күшейді

23.05.2025

AMANAT: Іле ауданындағы ірі кәсіпорын жұмысшылары өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын жеткізді

23.05.2025

Президент бірнеше елге жаңа елші тағайындады

23.05.2025
Фото: gov.kz

Белгілі журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды

23.05.2025

Балуан Шолақтың ізбасарлары

22.05.2025

Алматы облысы мен Бейжің арасындағы ынтымақтастық артуда: Марат Сұлтанғазиев Қытай астанасында маңызды кездесу өткізді

22.05.2025
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz