Қазақстан мұнай, табиғи газ, көмір, уран сияқты энергетикалық ресурстардың үлкен қорына ие.
Қазақстан табиғи уранның барланған қоры бойынша әлемде екінші орында тұр. Әлемдегі уран қорының шамамен 14%-ы Қазақстан Республикасының жер қойнауында шоғырланған. Елдің жалпы барланған қорлары 900 мың тоннадан астам уранға бағаланады.
Соған қарамастан біз электр энергиясының басым көпшілігін әлі күнге дейін көмірден өндіріп отырмыз. Қазақстан үкіметі де өзінің энергетикалық профилін реформалау қажеттігін мойындайды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру 112,8 млрд.кВтсағ, ал 2023 жылы 114,9 млрд. кВтсағ құрады.
Қазақстандағы барлық электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 18 мың 992,7 МВт электр энергиясын құрайды. Дегенмен, электр станцияларының көпшілігінің өнімі белгіленген қуатқа жетпейді.
Электр энергиясын өндіретін стансалар келесідей бөлінеді:
ЖЭС (жылу электр станциялары) – 87,7%;
КЭС (конденсациялық электр станциясы) — 48,9%;
ЖЭО (жылу-электр орталығы) – 36,6%;
ГТЭС (газтурбиналық электр станциясы) – 2,3%;
ГЭС (су электр станциялары) – 12,3%.
Қазақстандағы электр энергиясының 70%-ы көмірден, 14,6%-ы судан, 10,6%-ы газдан, 4,9%-ы мұнайдан өндіріледі.
Атом энергиясы
Қазақстандағы жалғыз атом электр станциясы Ақтау қаласында болды. Оның қуаттылығы 350 МВт жылдам нейтронды реактор. Атом электр станциясы 1973 жылдан 1999 жылға дейін ғана жұмыс істеді.
Бүгінгі күні, еліміздегі уранның қоры (МАГАТЭ мәліметтері бойынша) 900 мың тонна деп есептелсе де, Қазақстанда атом энергиясы пайдаланылмайды.
Қазіргі уақытта, Ақтау қаласында қуаттылығы 600 МВт жаңа атом электр станциясын салу мәселесі қарастырылып жатыр. Ал 2025 жылы елімізде екі АЭС салынады деп күтіп отырмыз.
Олар:
1. Курчатов — Абай ауданындағы қала;
2. Үлкен – Алматы облысындағы Балқаш көлінің жағасындағы ауыл.
Электр энергиясын тұтынушылар:
*өнеркәсіп – 60%
*үй шаруашылықтары – 9,3%
* қызмет көрсету саласы – 8%
*көлік – 6%
* ауыл шаруашылығы – 2%.
Мәселелер
Көмір тапшылығы
Қазақстан көмір өндірі бойынша әлемде 9-шы орында тұр. Қазіргі уақытта 300 жылға жететін қор қалды. Бұл әзірге жеткілікті болғанымен де, қыс түсе бастаған да тапшылық сезіледі. Себебі, көмірді өндіріп қоймаға сақтау бар оны тиісті жерге тасымалдау бар. Мұның барлығы үлкен шығынды, уақытты және күшті талап етеді. Ал 1 килограмм уран толығымен жанған кезде, 100 тонна таскөмір немесе 60 тонна мұнайға теңесетін энергия бөледі. Бұл Атом энергиясының тиімділігінің тағы бір дәлелі.
Жылу электр стансаларының тозығы жеткен
Қазақстанға ЖЭО жабдықтарының орташа тозуы 66% -. құрайды, бұл ретте Орал, Степногорск, Тараз, Қызылорда, Кентау қалаларында ЖЭО тозуы 80% — дан асады.
Оның айтуынша, елдің ЖЭО-ның орташа жасы 61 жылды құрайды, оның 76%-ы ЖЭО-ның 50 жылдан астам жұмыс істеген. 2021 жылдың қорытындысы бойынша электр станцияларындағы авариялық ажыратулар саны 2020 жылмен салыстырғанда 5%-ға өсті.
Электр және жылу энергиясына бекітілген тарифтерді ескере отырып, энергия өндіруші ұйымдарды жөндеу үшін көзделген ақшалай қаражат 93 миллиард теңгені құрайды.
Газдандырудың жеткіліксіздігі
Оның айтуынша, Қазақстанның газ саласында алдағы жылдары дағдарыс басталып, еліміз газ экспортын тоқтатуы мүмкін. Бұл жағдайдан шығудың нақты жоспары әлі жоқ. Бірақ бұл халық үшін көгілдір отынның қымбаттауы туралы әңгімені қайта бастауға себеп.
Қорытынды
Осы мәселелерді ескерсек жаңа өндіріс ошағының маңызы зор. Халық бұрындары АЭС десе полигонды елестететін еді, бүгінгі күні ядролық энергия ең таза әрі ең қауіпсіз энергия көзі екеніне көзіміз жетті.
Біріншіден қауіпсіз, екіншіден тиімді. Себебі, атом энергетикасы — төмен бағада энергия өндірудің жалғыз тұрақты көзі. Нәтижесінде, экономикамыз өсіп, дамушы елдер арасында алдыңғы қатарға шығуға жол ашылады.
Фото: hinbusiness.kz