-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Оқиға

Алматы әуежайында жолаушы сөмкесіндегі зарядтау құрылғысы атылды

Алматы қаласының әуежайында жолаушының рюкзагында болған зарядтау құрылғысы атылды. Бұл туралы Alataunews.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ғалия Мұхамбетқызы
21.10.2022
Оқиға
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«19 қазан күні халықаралық рейстердің ұшу залында тексеру рәсімінен өту кезінде Эйр Астана әуе компаниясының «Алматы — Бішкек» бағыты бойынша КС 109 рейсімен ұшпақ болған жолаушы Т.М.-ның портативті зарядтағышы (Power bank) өртенді», – делінген мәліметте.

Осы орайда «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Формальдылықты оңайлату департаменті қажет болған жағдайда кеңес алуға, рәсімінен өту кезінде авиакомпания мен әуежайлардың қызметкерлерін зарядтау құрылғыларының бар екендігі туралы хабардар етуге қатаң кеңес береді.

Қауіпті жүктерді әуемен қауіпсіз тасымалдау жөніндегі ИКАО-ның DOC 9284 техникалық нұсқаулығына сәйкес, қосалқы батареялар, соның ішінде қуат көздері (Power bank) қол жүгімен тасымалдануы керек. Сондай-ақ қысқа тұйықталудың алдын алу үшін олар өзінің қаптамасына салынуы керек. Немесе әр батареяны бөлек пластик пакетке немесе қорғаныс корпусына салу қажет.

«Егер литий батареялары (жабдықта, не жабдықпен) жүк ретінде тасымалданатын болса, онда олар ИКАО техникалық нұсқаулығының қолданыстағы редакциясына сәйкес тиісті түрде декларациялануы, таңбалануы және буып-түйілуі тиіс. Естеріңізге сала кетейік, ұшу қауіпсіздігі әр жолаушының жауапкершілігіне де байланысты», – деді Азаматтық авиация комитетінен.

Ұсынымдар

Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілуі мүмкін

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

Жетісу облысында сыртқы жарнама үшін негізсіз салық есептелген – Антикор

01.02.2023

Алматы облысы Жібек жолы ауылындағы ағаштардың заңсыз кесілуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

01.02.2023

Алматы облысында селден қорғайтын 26 нысан жұмыс істеп тұр

01.02.2023

Жетісу облысында көлік аударылып, салдарынан жүргізуші қаза тапты

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz