Оқиға орнына келген соң «Көктем» дүкенінің жанында Алматы облысы ТЖ департаменті Жедел-құтқару жасағының күшімен құдыққа түсіп кеткен 1976 жылы туған ер адам құтқарылды. Ол «политравма және гипотермия» диагнозымен Қонаев қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.
Белгілі болғандай, ол 3 қазан күні кешкі серуен кезінде тереңдігі 7 метрге жуық ашық тұрған кәріз құдығына құлап, өздігінен шыға алмаған. Құтқару операциясына Алматы облысы ТЖД 4 құтқарушысы мен техникасы жұмылдырылды.
Алматы облысының ТЖ департаменті азаматтарды мұқият болып, қауіпсіздік техникасын сақтауға шақырады.