17 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Қазан 4, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Оқиға

Алматы облысында 8 пәтерлі үй жанып кетті

Алматы облысының Заречный кентінде 8 пәтерлі үй өртеніп кетті. alataunews.kz бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

TitleAgency
17.08.2023
Оқиға
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«17 тамыз күні сағат 03:57-де Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Қонаев қаласы Заречный ауылындағы Школьная көшесінде орналасқан 8 пәтерлі тұрғын үйдегі өрт бойынша шақыруға шықты. Сағат 04:21-де өрт сөндірушілер келген уақытта үйдің шатыры мен екінші қабаты жанып, артынша шатыр опырылғаны анықталды. Өрт туралы хабарлама кеш түскендіктен оны сөндіру жұмыстары қиындады. Қонаев қалалық өрт сөндіру бөлімінен оқиға орнына дейінгі қашықтық 20 шақырымды құрайды», – делінген ақпаратта.

photo

Құтқарушылар келгенге дейін 15 адам өз бетімен эвакуацияланып үлгерген, оның екеуі жарақат алды.

Жалын сағат 05:10-да оқшауландырылып, сағат 7:20-да толықтай жойылды.

Оттың тұтану себебі анықталып жатыр. Оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 10 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.

«Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері өз өмірін қауіпке тігіп, газ баллондарын алып шықты. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өрт орнына барып, зардап шеккен тұрғындармен кездесті (24 адам, оның ішінде 10 бала). Қонаев қаласының әкіміне зардап шеккендерді Қонаев қаласындағы қонақүйге орналастыруды тапсырды. Жергілікті атқарушы органдар заңнамада белгіленген тәртіпте өрттен зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу жөнінде шаралар қабылдайтын болады», – делінген ТЖМ мәліметінде.

photo
Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарЗаречный ауылыМарат Сұлтанғазиев

Ұсынымдар

Балқаш ауданындағы Қарағаш мектебі күрделі жөндеуден өтеді

04.10.2023

Алматы облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды

04.10.2023

Алматы облысының спорт мектебіне жаңа басшы тағайындалды

04.10.2023

Іле-Алатауы ұлттық паркінің инспекторы аяусыз соққыға жығылған

04.10.2023

Марат Сұлтанғазиев Тасмұрын каналында шлюз салуды тездетуді тапсырды

04.10.2023

Алматы облысы жол апаты жиі болатын өңірлер қатарында

03.10.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz