Қыз небәрі бір жас сегіз айлық. Оны Қарасай ауданындағы балабақшаға апарған. 15- тамызда анасы қызының қолынан тістің іздерін байқаған. Ол тәрбиешіден қызына жарақатты кім салғанын сұрағанда, ол «білмеймін, мен сізден сұрайын деген едім» деп қарсы сұрақ қойған.
«Полицияға хабарласып, арыз жазуды жөн көрдік. Менеджер арыз жазбауымызды өтінді және бізге үлкен көлемде ақша ұсынды. Күйеуім тістеп алған видеоны іздеп жүріп тауып алды. Видеода күтушінің баламды қалай итеріп жібергенін және оның қалай жылап отырғанын көруге болады», – деді қызы үшін қатты уайымдаған ана.
Қазіргі уақытта тәрбиешіге қатысты әкімшілік іс қозғалыпты.