Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға сабақтан тыс уақытта болған.
Жасөспірім Талғар ауданына қарасты Жалғамыс ауылдық орта мектебінде оқыған. 10-сыныпта оқыған қыздың оқыс қадамға баруына не себеп болғаны белгісіз.
Министрлікте те, білім басқармасы да оқушының өлімін растағанмен, қайғылы жағдайдың себебін айтудан бас тартты.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, қайғылы жағдай мектеп маңында болған.
«Жалғамыс ауылында 2022 жылдың 15 қазанында оқушымен суицид жағдайы орын алған. Қайғылы оқиға сабақтан тыс уақытта болған. Қайтыс болған оқушының отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Білім басқармасы қажетті көмек көрсетеді. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізіп жатыр», – деді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.