-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Оқиға

Алматы облысында такси жүргізушісін 37 жерден пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

Алматы облысы Талғар ауданының полицейлері такси жүргізушісіне 37 рет пышақ сұғып өлтірген күдіктіні ұстады.

Ғалия Мұхамбетқызы
27.12.2022
Оқиға
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

17 желтоқсанда полицияға Кеңдала ауылының шетінде ер адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама түскен.

«Іздеу жұмыстары кезінде, 18 желтоқсан күні сағат 4:00 шамасында Кеңдала ауылының шетіндегі айналма жолдың бойынан, 1200 метр қашықтықта зардап шегушінің денесі табылды. Тексеру кезінде денесінің әр жерінен 37 пышақ жарақаты бары анықталды. Сол маңнан марқұмның көлігі де табылды», – деп хабарлады ведомстовадан.

Белгілі болғанындай, күдікті қылмысты алдын ала және мұқият ойластырып қойған. Шабуыл жасаушы бір реттік абоненттік нөмірді, ұялы телефонды пайдаланған, адам өлтіруге болатын тыныш жерді таңдаған.

«Кісі өлтірді деген күдікті 24 желтоқсан күні кешке Алматыдағы Сейфуллин көшесінде «Мега» сауда орталығы ғимаратына қарама-қарсы жерде ұсталды. Ұсталған азамат өлтіруді қасақана жасағанын мойындады», – делінген полиция хабарламасында.

Күдікті Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қылмыс кезінде киген қан іздері бар киімі мен бәкі тәркіленді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне қарай жария етуге жатпайды.

Тегтер: Алматы облысықылмыстық ісТалғар

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz