«Вениамин енді арамызда жоқ, қоштасу уақытын кейін хабарлаймыз. Ол сағат 17:00-де №12 қалалық ауруханада қайтыс болды», – делінген Алаевтың парақшасында жарияланған хабарламада.
«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» порталындағы ақпаратқа сәйкес, Вениамин Алаев 1979 жылы 9 қазанда дүниеге келген. ІІ топтағы мүгедек болған.
Алаев мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғаушы, Қайрат Иманалиев атындағы мүгедектердің құқықтарын қорғау комиссиясының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды.
2017-2019 жылдар аралығында Алматы қаласы әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болды.
2022 жылдың маусым айында ол Алматы әкімі Досаевтың шешімімен бұл қызметке қайтадан келді.