Алматы-Қапшағай жолында көлік апатқа ұшырап, жанып кетті
30 қаңтарда "Алматы-Өскемен" автожолының 54 км "Mersedes-Benz" және "Ford" автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға салдарынан «Ford» автокөлігі өртеніп, жүргізуші және жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі кезде апаттың мән-жайы анықталып, қажетті сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.