-2 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Оқиға

Алматыда жанармай құю бекетіне шабуыл жасалды

Алматыда жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған күдіктілер анықталды. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер 100 мың теңге мен екі телефонды қолды қылған.

Ғалия Мұхамбетқызы
02.12.2022
Оқиға
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Жанармай құю бекетіне жасалған қарақшылық шабуыл түнгі сағат екіде болған. Бетперде киген екі адам қолына шеге суырғыш және балта алып, жанар-жағармай құю бекетіне келген. Олар кассир мен күзетшіні артқы бөлмеге қамап, қызметкерлердің телефондары мен кассадағы ақшаны ұрлап кеткен. Шабуылдаушылардың бүкіл әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Күдіктілер сол күні анықталып, қамауға алынды. Бұл – 23 жастағы Т. және 22 жастағы М. есімді азамат», – деді Медеу аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

«Күдіктілер – басқа жақтан Алматыға жұмысқа орналасу үшін келген. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері олардың бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр», – деді полиция өкілі.

Тегтер: жанармайұрлық

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz