-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Оқиға

Бір облысты шетелге беру туралы жалған ақпарат авторына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Әлеуметтік желі қолданушысы Қазақстанның бір облысын шет мемлекеттің пайдасына береді деген жалған материал жариялаған. Аталған жайтқа қатысты еліміздің Бас Прокуратурасы ресми түсінік берді, деп хабарлайды Alataunews.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Ғалия Мұхамбетқызы
01.10.2022
Оқиға
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Анонимді телеграм арналардың бірінде Қазақстанның бір облысын басқа елдің пайдасына иеліктен шығару туралы үндеу қамтылған арандатушылық материал жарияланды. Материалдың авторы анықталды. Ол Қазақстанға келген шетелдіктердің қатарына жатпайды. Қазіргі уақытта алыс шетелдің бірінде тұрады. Бұл сырттан бағытталған жоспарлы және мақсатты акция. Оның нысаны – Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру», – деді ҚР Прокуратурасының өкілі Серік Әділкенұлы.

Оның айтуынша, желіде жарияланған материал авторының мақсаты – жалған ақпарат таратып, ұлттық араздықты қоздыру.

«Материалда көрсетілген әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 174-і, 180-і және 274-і бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік пен жазаға әкеліп соғады. Аталған сепаратистік үндеулер фактісі бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін ҚР Қылмыстық кодексінің 180-і бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осыған байланысты азаматтарды арандатушылыққа берілмеуге шақырамыз. Осы секілді материалдар мен үндеулерді жариялап, таратушылар қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын назарға саламыз», – дейді ол.

Тегтер: жалған ақпаратқылмыстық іс

Ұсынымдар

Алматы облысында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай кеңес өтті

01.02.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

01.02.2023
Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

«Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті

01.02.2023

Жетісу облысында сыртқы жарнама үшін негізсіз салық есептелген – Антикор

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz