Аталған жайтқа байланысты Қонаев қалалық білім бөлімі ресми мәлімдеме жасады. Айтуларынша, оқиға 4 қыркүйек күні орын алған.
«4 «В» сыныбының жетекшісі сабақ аяқталған соң балаларды жинап, оқушыларды тасымалдайтын автобусқа отырғызған. Алайда А.Н. есімді бала сынып жетекшісіне ескертпей, әжетханаға кетіп қалған. Автобус келген соң, ата-анасы шағымдана бастады. 10-20 минут ішінде бала әке-шешесіне жеткізілді», – деп жазды білім бөлімі.
Келеңсіз оқиғадан кейін мектеп әкімшілігі және ұжымымен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Ал сынып жетекші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram