«4 қыркүйектегі мәліметтер бойынша Қостанай облысындағы өрт салдарынан Қарасу ауданының Люблинка ауылында және Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында 12 бас ірі қара малы, 118 бас шошқа және 261 бас құс қырылды», – делінген хабарламада.
Облыстық әкімдігінің және төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша орман өртінің салдарынан азын аулақ ауыл шаруашылығы дақылдарының зардап шеккен егістік учаскелері бар.
«Бірақ алқаптар жаппай жойылған жоқ. Атап айтқанда, Қарабалық ауданында 17 га егін орағы өртенді. Меңдіқара ауданында 1 га дәнді дақылдар зардап шекті. Өртенген дақылдың көлемі нақтыланып жатыр. Қосымша ақпарат мәліметтер түскен соң беріледі», – деп хабарлады ведомство.
Айта кету керек, өңірдегі жалпы егіс алқабы 5,3 млн гектар, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алқабы 3,9 млн га, бидай 3,5 млн га және майлы дақылдар 749,1 мың гектарды алып жатыр.