-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Оқиға

Талғар ауданының дәрігерлеріне жала жапқан әйелдің ісі сотта қаралады

Күні кеше ғаламтор беттерінде Талғар ауданында жүкті келіншек сәбиін перзентхана дәлізіндегі кафель үстінде босанды деген жаға ұстатарлық ақпарат тарады. Аталған мәселе бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы Alataunews.kz тілшісіне мәлімет берді.

Ақерке Жұмағазықызы
07.10.2022
Оқиға
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Талғар тұрғыны Шәрбану Төлендиеваның айтқаны шындыққа сай келмейді. 2 қазан күні дәрігерлер акушерлік алгоритм бойынша әйелді босандырды. Тиісті медициналық көмек көрсетілді. Науқастың денсаулығына зиян келтіретін факторлар анықталған жоқ», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Басқарманың берген ресми ақпарына сүйенсек, нәрестенің жағдайы жақсы. Ана мен бала үйіне шығарылды. Ал жалған ақпарат таратқан тілшілер мен жала жапқан ананың ісі сотта қаралады.

Айта кетейік, Шәрбану Төлендиева толғағы қысқан сәтте дәрігерлер босану бөлмесіне әкеліп тастап кеткенін, акушер көмегінсіз босанғанын айтып, телеарна тілшілерінің біріне шағымданған еді.

Ұсынымдар

Түрмеге нанның арасына телефон жасырып өткізбек болған әйелдің әрекеті әшкере болды

01.02.2023

Алматы облысында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай кеңес өтті

01.02.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

01.02.2023
Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

«Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz