-2 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Оқиға

Түркістан облысында ломбардқа қарулы шабуыл жасалды

Түркістан облысында ломбардқа қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Назым Текеспаева
28.09.2022
Оқиға
Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Жетісай аудандық полиция бөліміне қалада орналасқан ломбардтардың бірінің қызметкері арызданған. Айтуынша, кешкі уақытта бетіне медициналық маска, басына бейсболка киген ер адам қару ұстап кіріп келіп, ақша талап еткен. Үрейі ұшқан ломбард қызметкері кассадағы 1,2 млн теңгені ұстатқан. Күдікті оны касса кабинасында қалдырып, сыртынан құлыптаған. Солай ізін суытқан.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеді.

Аталған ауыр қылмысты ашу үшін полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына шұғыл жетті.

Полицейлер күдіктіні «ізін суытпай» құрықтау мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде бірнеше күн ішінде бейнебақылау камерасындағы жазба арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Тәртіп сақшылары күдіктіні тұрғылықты мекенжайынан ұстап, полицияға жеткізді. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты.

«Анықталғандай, күдікті тонау әрекетіне бармас алдын қаладағы бірқатар ломбардты бақылап шыққан. Содан жәбірленуші тараптың ломбарды кешке дейін істейтінін біліп, оны тонауды ойластырған. Барынша қараңғы түскенін пайдаланып, ойын жүзеге асырған», – делінген полиция мәліметінде.

Күдіктінің сөзінше, ол қылмысқа ақша қажет болғандықтан барған. Айғақты зат ретінде пневматикалық тапанша алынды. Қазіргі таңда ол қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тегтер: қылмыстық істүркістан

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz