12 °c
Qonaev
Сенбі, Наурыз 25, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Оқиға

Ұйғыр ауданында екі бала мен әкесі жанып кетті

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кетпен ауылдық округіне қарасты Кепебұлақ ауылында әкесі мен екі баласы жанып кетті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

Айдана Дайырова
28.02.2023
Оқиға
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Оқиға 24 ақпанда болған. Балалардың анасы мұғалім болып қызмет атқарған. Ол 110 шақырым жердегі аудан орталығы Шонжыға жиналысқа кеткен. Отағасы 39 жастағы азамат балабақшадан 3 жасар баласын алып келеді, ал бастауышта оқитын 7 жастағы ұлы сабақтан өзі келген. Ер адам газға сүт қойып, сол күйі ұйықтап кеткен. Есікті іштен жауып алған. Көршілерінің болжамынша, балалар сыртқа шығып кетпесін деген болуы мүмкін.

Үйден өрт шығып жатқанын байқаған көршілері құтқармақ болып тұра ұмтылғанымен есікті аша алмаған. Шағын терезені сындырғанымен ішке кіре алмайды. Өйткені бұл уақытта үйдің төбесіне дейін жанып кеткен. Баспананың жалпы ауданы – 40 шаршы метр, шағын ғана екі ауызды болған. Өкінішке орай, балалар мен әкелерін тілсіз жаудан құтқару мүмкін болмады.

Ауыл тұрғындары ұялы байланыс болғанда марқұмдарды ажалдың аузынан алып қалар ма едік, деп күйінеді. Өйткені олар құтқарушыларға телефон шала алмаған. Екі баланың денесін үй ішіндегі терезе алдынан тапқан. Балалар құшақтасқан күйі көз жұмған.

Облыс әкімдігінің айтуынша, Кепебұлақ ауылында Тele2/Аltel және Beeline байланыс операторларының 2G стандартындағы байланысы ғана бар.

«Ауылдың орналасқан жер бедерінің ерекшелігіне байланысты байланыс тұрақты емес. Ауыл мектебіне талшықты-оптикалық байланыс орнатылған жағдайда тұрғындарды радиокөпір технологиясы арқылы интернетке қосуға болады. Жоғары жылдамдықты интернетті қосу үшін осы жылы қайтадан қаражат бөлініп, конкурс жарияланады», – деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кепебұлақ ауылын интернетпен қамту қазіргі уақытта әзірленіп жатқан 2023-2027 жылдарға арналған «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясындағы іс-шаралар жоспарына қосылды.

Баспасөз қызметінің айтуынша, Цифрлық даму министрлігі, Алматы облысының әкімдігі және байланыс операторлары аталған мәселені толық бақылауда ұстап отыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Тегтер: Алматы облысыоқиғаөртҰйғыр ауданы

Ұсынымдар

2024 жылы Өтеген батыр ауылында Мәдениет үйі қолданысқа беріледі

24.03.2023

Алматы облысында халықты жайылым жермен қамтамасыз ету үшін комиссия құрылады

24.03.2023
Фото: Аслан Қажеке

Марат Сұлтанғазиев «Береке» аймағын инженерлік желімен қамтуды тапсырды

24.03.2023
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматтан қару тәркіленді 

24.03.2023

Шарын ұлттық саябағында Sharyn визит-орталығы ашылды

24.03.2023

«Qnet» қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

24.03.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz