0 °c
Qonaev
Жексенбі, Ақпан 5, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Оқиға

Жетісу облысында ер адам өртеніп жатқан үйден үш баланы аман алып қалды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 7 желтоқсан күні сағат 21:40-та Панфилов ауданы, Үлкен ауылында тұрғын үйлердің бірінде өрт болғанын мәлімдеді. 50 шаршы метр аумаққа жайылған өрт 22:22-де сөндірілген.

Назым Текеспаева
08.12.2022
Оқиға
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Үйдің өртеніп жатқанын көрген ер адам өрт сөндірушілерге хабар беріп, олар келгенше жанып жатқан үйдің балалар бөлмесінен 2010, 2014 және 2018 жылы туған үш баланы шығарған, сондай-ақ үйде ұйықтап жатқан ата-аналарды эвакуациялауға көмектескен, екі газ баллонын тысқары алып шығып, өз бетімен өртті сөндіруге кіріскен.

Балаларды өрттің аузынан алып қалған қаһарман – олардың көршілері, Жаркент қаласы ПЧ-11 өрт сөндірушісі азаматтық қорғау бөлімінің кіші сержанты Еркебұлан Айтбаев Тұрғанұлы. Өрттің алдын ала себебі – қатты отынмен жұмыс істейтін пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Батыр азамат өзінің әрекетін батырлықпен байланыстырмайтынын айтады. Орнымда болған кез келген адам солай жасайтын еді, дейді ол.

«Кезекшіліктен тыс уақытта үйден шықсам, көршімнің үйін өрт шалғанын көрдім. Дереу жүгіріп барып, ұйықтап жатқан үш баласын қауіпсіз жерге алып шығып, әке-шешесіне сыртқа шығуға көмектестім. Және ас бөлмесінен екі газ баллонын байқап, сыртқа алып шықтым. Бұл ісімді мен ерлік деп санамаймын, өрт сөндірушілердің азаматтық борышы деп ойлаймын», – дейді Еркебұлан Айтбаев.

Тегтер: Жетісу облысыоқиғаөртПанфилов ауданы

Ұсынымдар

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023

Алматы облысында тапшы мамандардың тізімі жасалуы керек – министр Саясат Нұрбек

04.02.2023

Алматы облысының хирургтары ер адамның асқазанынан қасық алып шықты

04.02.2023

Қызылту ауылында бір топ барымташылар ұсталды

04.02.2023

Қапшағайда балықтарға оттегі баруы үшін 100-ге жуық ойық ойылды

04.02.2023

Жетісу облысының бірнеше сот ғимаратына бомба қойылды – фейк

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz