20 тамыз күні 39 жастағы Светлана Қойшыбаева дем жетіспей, тынысы тарылған соң жедел жәрдем шақыртқан. Келген фельдшер астмаға ем болатын уколдың орнына, қан қысымын көтеретін ерітіндіні салып жіберген. Айтуынша, қан қысымы бірден 160-қа дейін көтеріліп, аузынан көбік аққан.
«Мен бронхиалды астманың ауыр түрімен 6 жылдан бері ауырамын. Оған қоса гипертония диагнозы қойылған. Дем жетпей, жүрегім қысылып әрең отырғанымда маған қан қысымын көтеретін укол салып жіберді. Демікпем аздай, енді қан қысымым қайта-қайта көтеріліп, арнайы аппараттың көмегімен ғана тыныстап отырмын», – дейді Ескелді ауданының тұрғыны Светлана Қойшыбаева.
Оқиғадан соң фельдшер жұмыстан шығарылған.