12 °c
Qonaev
Сенбі, Наурыз 25, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Әскерге барғандарды ҰБТ нәтижесінсіз әскери оқу орнына қабылдау талаптары жарияланды

Ішкі істер министрлігі «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізбек.

Ғалия Мұхамбетқызы
13.03.2023
Қоғам
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Атап айтқанда, енді Отан алдындағы борышын өтеген азаматтар Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орындарына түсе алады.

«Мерзімді әскери қызмет өткерген және ІІМ-нің әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген және оқуға түсетін жылы 24 жасқа толмаған азаматтар мерзімді әскери қызмет аяқталған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей қабылдау жылы 1 маусымға дейінгі мерзімде ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесі, Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орны басшысының немесе тұрғылықты жері бойынша әскери бөлім командирінің атына өтінішпен жүгінеді. Бөлім командирі міндетті арнайы тексеру және әскери-дәрігерлік сараптама қағидаларына сәйкес, кандидаттың алдын ала медициналық куәландырудан өтуі бойынша жұмысты ұйымдастырады», – делінген құжатта.

Міндетті арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды азаматтар 20 шілдеге дейін қажетті құжаттарды тапсырып, түпкілікті медициналық тескерістен өтуі үшін әскери оқу орнына баруы тиіс.

«Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орнына қабылдау жыл сайынғы қабылдау жоспарының 20%-нан аспайтын мөлшерде Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде бұрын жүргізілген іріктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады», – деп көрсетілген бұйрық жобасында.

Әскери оқу орнына түсу үшін Отан алдындағы борышын өтегендердің ҰБТ нәтижесі есепке алынбайды.

Олар мына құжаттарды ұсынуы тиіс:

– мерзімді әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама (ХҚКО-дан немесе E-GOV ақпараттық жүйесі арқылы алынған);

– ұсыным (комиссияның конкурстық іріктеуден өткені туралы қорытындысы).

Құжат 29 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Тегтер: ҰБТ

Ұсынымдар

2024 жылы Өтеген батыр ауылында Мәдениет үйі қолданысқа беріледі

24.03.2023

Алматы облысында халықты жайылым жермен қамтамасыз ету үшін комиссия құрылады

24.03.2023
Фото: Аслан Қажеке

Марат Сұлтанғазиев «Береке» аймағын инженерлік желімен қамтуды тапсырды

24.03.2023
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматтан қару тәркіленді 

24.03.2023

Шарын ұлттық саябағында Sharyn визит-орталығы ашылды

24.03.2023

«Qnet» қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

24.03.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz