«Қазіргі таңда облыс бойынша АИ-92 маркалы жанармайдың қоры – 1849,3 тонна (5 күндік қажеттілікті өтейді), АИ-95 – 1015,1 тонна (6 күн), дизель отыны – 944,9 тонна (3-4 күн)», – деді Әділ Әбілдаев.
Облыстың жауапты мамандары аудан әкімдіктерімен бірігіп, ГСМ бағасына, қорына күнделікті мониторинг жасайды. Сәйкесінше, ақпарат күнде өзгереді.
«АИ-92 мен АИ-95 маркалы жанармайы облыс бойынша кедергісіз сатылып жатыр. Бірқатар аудандардағы жеке меншіктегі жанармай бекеттерінде дизель отыны жоқ, ал желілік бекеттерде отын талон және ішкі карта бойынша беріледі», – дейді бас маман өз сөзінде.
Әділ Әбілдаевтың сөзіне сүйенсек, 1 жеңіл көлікке отынның лимиті – 50 литр, жүк көлігінің лимиті – 100 литр. Ал ҚР арнайы мамандандырылған көлігі ретінде тіркелген құжаты болса, күнделікті лимит – 300 литр.
Айта кетейік, облыс бойынша 204 жанар-жағармай бекеті жұмыс істейді, оның ішінде 63 кіші бекеттер бар. АИ-92 – 180 тг/л, АИ-95 – 213 тг, ДТ-ның литрі 231 теңгеден сатылып жатыр.