11 °c
Qonaev
Жұма, Наурыз 24, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Алматыда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Алматыда өздерін Әділет департаментінің қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтардың саны артты. Осыған байланысты өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қалалық әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен шұғыл брифинг өтті.

Ғалия Мұхамбетқызы
01.02.2023
Қоғам
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Қалалық әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Әнуар Жексековтың айтуынша, алаяқтар азаматтарға телефон соғып, өздерін әділет департаментінің қызметкері ретінде таныстырып, алдау және сендіру жолымен тұрғындардан ақша алып жүр.

«Арам пиғылды алаяқтар жалған өнімді интернет, әлеуметтік желілер арқылы жоғары бағамен сату схемасы арқылы жасайды. Ал, алданған тұрғындармен келісім жасалғаннан кейін барлық телефондарды өшіреді. Әрі қарай алаяқтар жәбірленушілерге өздерін әділет департаментінің қызметкерлері ретінде таныстырып, телефон шалады, алаяқтардың ұсталғанын хабарлайды, жалған куәлік береді және өтемақы төлеуге уәде береді. Алайда алдын ала комиссия түрінде төлем талап етеді», – деп түсіндірді спикер.

Әділет департаментінің баспасөз хатшысы Алмас Бекботаевтың мәліметінше, бүгінгі күні бес жалған қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Әділет департаменті полицияға бес адамға қатысты барлық дәлелдейтін материалдармен арыз жолдады. Соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», – деді ол.

Ведомство өкілдері ел тұрғындарын өз туыстарына, достары мен таныстарына алаяқтық фактілері туралы ескертуге, алаяқтардың арандатуы мен үгітіне сенбеуге шақырды.

Осындай жағдай болған жағдайда, +7 777 252 23 23 телефонына хабарласып, Алматы қаласы Әділет департаментінің қазіргі қызметкерлері туралы ақпарат алуға болады.

Сонымен қатар, қызметкерлердің тізімдері департаменттің ресми сайтында жарияланған.

Тегтер: алаяқалматықылмыс

Ұсынымдар

2024 жылы Өтеген батыр ауылында Мәдениет үйі қолданысқа беріледі

24.03.2023

Алматы облысында халықты жайылым жермен қамтамасыз ету үшін комиссия құрылады

24.03.2023
Фото: Аслан Қажеке

Марат Сұлтанғазиев «Береке» аймағын инженерлік желімен қамтуды тапсырды

24.03.2023
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматтан қару тәркіленді 

24.03.2023

Шарын ұлттық саябағында Sharyn визит-орталығы ашылды

24.03.2023

«Qnet» қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

24.03.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz