0 °c
Qonaev
Жексенбі, Ақпан 5, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Банк және полиция қызметкерлерінің атынан биыл 3 мың алаяқтық жасалған

Банк және полиция қызметкерлері ретінде хабарласатын алаяқтар жыл басынан бері 3 мыңнан астам қылмыс жасады. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының басшысы Жандос Сүйінбай мәлім етті.

Ғалия Мұхамбетқызы
29.11.2022
Қоғам
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Цифрлық технологиялардың дамуы олардың көмегімен ұрлықтың артуына әкелді. Кейінгі кезде интернет-алаяқтық қоғамда резонанс тудырып отыр. Биыл елімізде 18,5 мыңнан астам интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда (19 328) төмен. Интернет-алаяқтық көбіне тауарларды онлайн сатып алумен байланысты. Атап айтқанда осы әдіспен 6 мың қылмыс жасалған. Қазіргі уақытта банк немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атынан жасалған алаяқтық ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Аталған тәсілмен жыл басынан бері 3 мыңнан астам алаяқтық қылмысы жасалды», – деді Жандос Сүйінбай Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, алаяқтар абоненттік нөмірді ауыстыруға арналған сервистерді белсенді пайдаланады.

«Әлеуметтік инженерия әдістерін қолдана отырып, алаяқтар шоттағы күдікті операциялар немесе несие алуға әрекет туралы хабарлайды. Көбінесе олар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырады немесе банк қызметкері ретінде арнайы операция жүріп жатқанын хабарлайды», – дейді ол.

Спикердің мәліметінше, аталған жайт бойынша іс ашылған жағдайда Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы (ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе оның сенімін теріс пайдалану арқылы жасалған алаяқтық) 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды, айыппұл (4 мың АЕК) салуды көздейді. Сондай-ақ топтасып аса ірі мөлшерде қылмыс жасаған жағдайда айыптылар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

Тегтер: полиция

Ұсынымдар

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023

Алматы облысында тапшы мамандардың тізімі жасалуы керек – министр Саясат Нұрбек

04.02.2023

Алматы облысының хирургтары ер адамның асқазанынан қасық алып шықты

04.02.2023

Қызылту ауылында бір топ барымташылар ұсталды

04.02.2023

Қапшағайда балықтарға оттегі баруы үшін 100-ге жуық ойық ойылды

04.02.2023

Жетісу облысының бірнеше сот ғимаратына бомба қойылды – фейк

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz