-2 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

«Бар зейнетақымды таксиге төлеймін»: Алматы облысының 85 жасар зейнеткерін қоғамдық көліктің зары қажытқан

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты бірнеше ауылдың тұрғындары талай жылдан бері қоғамдық көліктің проблемасынан көз ашпай келеді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

Айдана Дайырова
10.10.2022
Қоғам
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Қоғамдық көлік проблемасын айтып, халық биліктің де есігін талай тоздырған. Бірақ одан қайыр жоқ.

«Халықтың басым көпшілігі қалаға барып жұмыс істейді. Таң құзғыннан тұрамыз маршрутты тосып. Оның өзі бір сағатта бір-ақ рет жүреді», – дейді Көлді ауылының тұрғыны Назым Сәрпекова.

Қарасай ауданының Көлді, Мерей, Ұлан, Нұрбағы, Таң ауылдарына 8 нөмірлі шағын маршрут қана жүреді.

«Маршруткаға сыймаймыз. Кіп-кішкентай, ескі. Не есігі дұрыс жабылмайды, не терезелері дұрыс жабылмайды. Тіпті кейбір маршрутканың келе жатып рулі жұлынып қалғанын да көрдік», – дейді Таң ауылының тұрғыны Жәмила Ақпаева.

Тұрғындар қоғамдық көліктің жоқтығынан жұмыстан үйге қайта алмай қалатындарын айтады. Такси бағасы тым шарықтап тұр.

«Қоғамдық көлік расымен проблема. Барлық жағдайды білеміз. Жақында Қонаев қаласынан Алматы облыстық жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы келді. Тұрғындармен кездесті. Қараша айының соңына дейін мәселені шешеміз деді. 8-ші маршрутка сияқты емес, үлкен автобус береміз деді», – деп мәлімдеді Қарасай ауданы Ұмтыл ауылдық округінің әкімі Серік Қалижанұлы.

Қарасай ауданына қарасты Әйтей ауылында да осындай проблема.

«Менің жасым 85-те. Бар зейнетақымды таксиге төлеймін. Автобус жоқ. Ауылдан шығып қалаға бару үшін таксиге отырамын. Сосын анау қалың көлік зулап жатқан жолды әрең өтіп, тағы таксиге отырамын», – дейді Әйтей ауылының тұрғыны Күлжәмила Безбаева.

Қоғамдық көлік Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты барлық ауылда проблема. Ал аудандық әкімдік мамандары аталған мәселеге қатысты жауап бермеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: зейнеткерҚарасайқоғамдық көлік

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz