ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше:
🔹 2,5 мыңнан астам шетелдіктердің елде болу мерзімі өтіп кеткен
🔹 862 мигрант құжатсыз жұмыс істеген
🔹 Мигранттарды жұмысқа заңсыз жалдаған 499 жағдай анықталды
🔹 үш мыңнан астам қазақстандық билік органдарына шетелдіктердің өздерінде тұратыны туралы хабарламаған.
Іс—шараның қорытындысы бойынша 678 шетелдік азамат елге 5 жыл мерзімге кіруге тыйым салынып жер аударылды.