-12 °c
Qonaev
Сенбі, Қаңтар 28, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ІІМ казино ойнаған полицейлерге қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Мемлекеттік қызметшілер істері агенттігі де тексеру жүргізеді.

Ақерке Жұмағазықызы
02.11.2022
Қоғам
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Қазақстанның ішкі істер министрі Марат Ахметжанов казинода бәс тігіп, тұрақты қонақ болған ІІМ-нің 97 қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Олардың әрқайсысы заң алдында жауап береді. Бұл адамдарға қатысты тергеу басталды. Кейбірі қызметінен босатылды. Істің барлық мән-жайы анықталатын болады», – деді Астанада журналистердің сұрағына жауап берген министр.

Министрдің айтуынша, құмар ойынға тәуелді болған мамандар мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін ғана емес, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кодексін де бұзған.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер істері агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған фактілер бойынша тексеру жүргізіп жатқаны жайлы мәлімдеді.

«Заң бұзушылық әрекеттері белгілі болған жағдайда тиісті шаралар қабылданады», — делінген агенттік хабарламасында.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне сүйенсек, жұртшылық күйін күйттейтін мамандар өз жұмысына, биліктің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге бармай, этикалық нормаларды сақтай отырып, халық пен мемлекет мүддесіне қызмет етуі тиіс.

Бұған дейін Бас прокуратура тексеру жүргізіп, казиноға 507 млн теңге ұтылған 305 мемлекеттік қызметшіні анықтады. Оның ішінде ІІМ-нің 97 қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 95 өкілі, Қаржы министрлігінен 25 адам, Жоғарғы Соттың 7 қызметкері, қаржы мониторингі агенттігінің құрылымынан 15 адам, АнтиКордан 3 қызметкер және аймақтардан 36 шенеунік бар.

Ал Алматы облысы прокурорының көмекшісі Мақсат Абиров болса тиісті шара қолданылуы үшін прокуратураның ойынханаға барған мамандар тізімін құзіретті органдарға жібергенін айтады.

«Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде жарияланған бұл ақпарат прокуратуранікі екені рас», – деді Мақсат Абиров.

Алайда прокурор көмекшісі аталған тізімде прокуратура, ҰҚК қызметкерлері бар ма деген сұраққа тұшымды жауап бере алмады.

«Бұл мәселе бойынша бізге бөлек келе аласыз. Себебі қазіргі уақытта менің қолымда ешқандай ақпарат жоқ. Жеке қабылдауға жазылсаңыз, сізге мәлімет береміз», — деді Алматы облысы прокурорының көмекшісі Мақсат Абиров.

Сондай-ақ ол казиноның тұрақты қонағына айналған мамандар тізімінде кімдер бар екенін білмейтінін айтты.

«Қойылған екінші сұрағыңызға да жауап бере алмаймын. Себебі, тізімді көрмедім. Мұнымен басқа бөлімдегілер айналысқан», – деді Мақсат Абиров.

Тегтер: ойынханапрокуратура

Ұсынымдар

Фото: Аслан Қажеке

Марғұлан Сейсембаевтың Талғар ауданындағы жобасы неге іске аспай қалды? – Cұлтанғазиевтың пікірі

28.01.2023

Өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус анықталды

28.01.2023

Риддерде әйел 2 жасар баласын балконнан құлатып алды

28.01.2023

Қазақстанда құбыжық бейнесіндегі ойыншық сатылымына шектеу қойылуы мүмкін

28.01.2023

Шымкентте бірнеше шенеунік қамауға алынды

28.01.2023

Балқаш ауданының дәнді дақылдар өнімін арттыруға ғалымдар араласатын болды

27.01.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz