-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

«Loto club» лотереясы онлайн-казино болуы мүмкін бе?

Қонаевтағы ойынханаларды көшіру, я көшірмеу мәселесі әлі шешілген жоқ. Дегенмен, Қазақстан қоғамына қауіп басқа жақтан төніп тұр. Сөз еліміздің барлық өңірінде кең қанат жайған «Лото клуб» жайлы болып отыр. Мұны Қонаевта өткен «Заң керуені» науқаны кезінде ойынхананың бірінде қызмет еткен маман айтты.

Ақерке Жұмағазықызы
02.11.2022
Қоғам
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Ойынханада жұмыс істеп жүргенде небір тәуелді адамдарды көрдім. Оларды біз сыпайы түрде «қонақтар» деп айтамыз. Сондай қонақтың біреуінің айтуынша, «Лото клубта» да казинодағы ойынды ойнап (америкалық, еуропалық рулетка), жақсы ұтысқа кенелуге болады екен. Арада біраз уақыт өткен соң әріптестердің сол ойынды онлайн ойнап жүргенінен хабардар болдым», – деді Алтын Рысқұлқызы (сұхбат берушінің талабы бойынша есімі өзгертілген).

Алтынның айтуына қарағанда, «Bingo club 37» және «Bingo club 38» ойындары дәл ойынханадағыдай. Екі ғана айырмашылығы бар: бірі – рулетка орнына барабан айналуы, екіншісі – 0 (зеро), 00 (дабл зеро) емес, 37 және 38 санының қолданылуы.

«Ақшаны тігетін орындар, ұтыс көлемі, бәске қойылатын ақша көлемі, рулетка аумақтары (зоналары) – бәрінің де кәнігі ойынханадан еш ерекшелігі жоқ», – деді казиноның бұрынғы қызметкері.

Қонаев қаласының тұрғыны Алтынның айтуынша, слот залдан жұмыстан шығып, «Лото клуб» ойынына тәуелді болып қалған адамдар да жоқ емес.

«Слот залда электронды рулетканың ойынын тамашалап, қалайда жеңуге болады деп, бойына сенім ұялатқан жігіттер көзі байланып, қарыздан қарызға кіріп кетті. Отбасының шырқы бұзылғандар да бар. Жалпы елімізде осы ойындардың жүргізілу тәртібіне, «Лото клуб» ойын бизнесін толық зерттеу керек секілді», – деді Алтын Рысқұлқызы.

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің облыстағы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің (ЭТТД) маманымен тілдескен қызметкер жазбаша шағым қалдырды.

«Бұл мәселе республика көлемінде талдап-тексерілуі қажет. Қандай да бір заңбұзушылықтар орын алса, бұған қатысы бар жеке және заңды тұлғалар заң алдында жауап береді», –  деді ЭТТД маманы.

Естеріңізде болса, ҰҚК-нің 2019 жылдан бастап «Olimp» БК-не жүргізген талдау нәтижесінде аталған мекеменің жасырын интернет казиносы болғаны анықталды. 2021 жылдың маусымында заңсыз әрекетке қатысы бар тұлғалар 5 жылдан 8.5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Биыл шілдеде 5,5 миллион АҚШ доллары және 200 мың еуро Ұлттық банкке қайтарылды. Және құны 3.6 млрд теңге болатын 4 ұшақ, 5 жер учаскесі, 15 автокөлік, 30 жылжымайтын мүлік тәркіленді.

Тегтер: қоғамҚонаевмәселеойынхана

Ұсынымдар

Түрмеге нанның арасына телефон жасырып өткізбек болған әйелдің әрекеті әшкере болды

01.02.2023

Алматы облысында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай кеңес өтті

01.02.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

01.02.2023
Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

«Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz