Яғни, қағаз құжаттарды пайдалануды оңтайландыру және азайту шеңберінде ауруханалық парақтар мен еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтаманы беруді электрондық форматқа көшіру көзделеді.
Қазір «еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру» қызметі электронды түрде де, қағаз түрінде де ұсынылады.
Денсаулық сақтау министрлігі түсіндіргендей, бұл өзгерістердің негізгі мақсаты азаматтардың медициналық мекемелермен және билік органдарымен өзара іс-қимылын жеңілдету, сондай-ақ медициналық қызметтердің ыңғайлылығы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады.
Құжат 3 ақпанға дейін ашық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтына орналастырылды.