-12 °c
Qonaev
Сенбі, Қаңтар 28, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қазақстанда күніне 10 адам суицид жасайды – депутат

Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов еліміздегі суицидке баратындардың саны артқанын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстанда жыл сайын 4 мыңға жуық адам өз-өзіне қол жұмсайды.

Ғалия Мұхамбетқызы
06.10.2022
Қоғам
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«2012-2021 жылдар аралығындағы он жылдық суицид статистикасы бойынша, Қазақстанда күн сайын 8-11 адам өз-өзіне қол жұмсайды. Күніне 9-16 адам өзін өлтіруге әрекет жасайды. Қазақстанда 2013, 2015 және 2019 жылдарда ең көп суицид болды», − деді Смайлов Парламенттегі отырыста.

Сонымен қатар, ол ерлердің көбірек өз-өзіне қол жұмсауға бейім екенін атап, Қазақстандағы бес суицидтің төртеуі ер азаматтардың тарапынан жасалғанын айтты.

«Жасалған суицидтердің 80% ер адамдар, 20% әйелдер тарапынан орын алды. 2012-2018 жылдары өзіне қол жұмсаудың 48% әйелдер, 51% ерлер жасаған. Соңғы үш жылда өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінде ерлердің үлесі 65%-ға дейін өсті. Ер адамдар әйелдерге қарағанда суицид жасауға бейім екенін көрсетеді және соңғы үш жылда бұл үрдіс күшейе түсті», – деді депутат.

Суицидке жиі баратындардың жасы– 45 пен 54 жас аралығындағылар.

«Бұл кіші және аға буынды күтіп-бағу және қолдау бойынша жүктеме жүктелетін азаматтардың санаты. Олар жеке саясаты бағытталмаған азаматтар санаты», – деді депутат.

Ерлан Смайловтың пікірінше, бұл мәселеге саяси көңіл бөлінбейді, өйткені суицидтің көп бөлігінің себептері анықталмаған. Көптеген суицидтердің себебі жалғыздық, қаржылық проблема және әртүрлі аурулар болып отыр.

Ерлан Смайлов қауіпті әлеуметтік құбылысқа қарсы тұрудың ұлттық стратегиясын әзірлеуді ұсынды.

Сонымен қатар, тұрғылықты жері бойынша емханаларда күйзеліс мен психикалық бұзылуларды міндетті түрде анықтауды қарастыруы керек деді.

Тегтер: Қазақстансуицид

Ұсынымдар

Фото: Аслан Қажеке

Марғұлан Сейсембаевтың Талғар ауданындағы жобасы неге іске аспай қалды? – Cұлтанғазиевтің пікірі

28.01.2023

Өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус анықталды

28.01.2023

Риддерде әйел 2 жасар баласын балконнан құлатып алды

28.01.2023

Қазақстанда құбыжық бейнесіндегі ойыншық сатылымына шектеу қойылуы мүмкін

28.01.2023

Шымкентте бірнеше шенеунік қамауға алынды

28.01.2023

Балқаш ауданының дәнді дақылдар өнімін арттыруға ғалымдар араласатын болды

27.01.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz