-2 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

«ҚазТемірТранс» акционерлік қоғамының лауазымды тұлғалары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР жүк вагон паркінің ірі операторы саналатын "ҚазТемірТранс" акционерлік қоғамының лауазымды тұлғаларын пара алды деген күдікпен ұстады

Назым Текеспаева
30.12.2022
Қоғам
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Агенттіктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тұрақты түрде пара алудың белгіленген схемасына филиалдардың қызметкерлері мен басшылары, сондай-ақ бас кеңсе бөлімшелерінің менеджерлері мен бастықтары қатысқан.

«Қоғамның және оның өңірлік филиалдарының лауазымды тұлғалары жүк вагондарының тапшылығын пайдалана отырып, кейбір жағдайларда осындай тапшылықты жасанды түрде жасай отырып, проблемаларды шешудің орнына, осы жағдайды өздерінің пайдакүнемдік мақсатына пайдаланып, яғни жүк вагондарын кедергісіз және жеделдетіп бергені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алғаны анықталды», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Ақша қаражаттары лауазымды тұлғалардың немесе олардың сенімді адамдарының, оның ішінде жақын туыстарының шоттарына аударылып отырған.

Ведомство өкілдері таратқан ақпаратқа сүйенсек, акционерлік қоғамның Ақмола филиалының бір ғана басшысы 2020 жылдан бастап 70 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз алып, оның басым бөлігін Щучье-Бурабай курорттық аймағының ойын мекемелеріне жұмсаған. Қарағанды филиалының бұрынғы және қазіргі басшылары да осындай қылмыстар жасады деген күдікке ілінгені белгілі болды.

«Бұл адамдардың барлығы ұсталып, тергеу сотының санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Сондай-ақ ақшалай қаражатты заңсыз алуда Қызылорда филиалының басшысы мен акционерлік қоғамның орталық аппаратының бірқатар қызметкері әшкереленді», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Агенттік осы қылмыс бойынша басқа лауазымды тұлғалар тексеріліп жатқанын хабарлады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Тегтер: антикорҚазТемірТранс

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz