Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта оқу жылы басталғалы халық қоғамдық көліктерге сыймай жатыр

Қонаевта қоғамдық көлікке сыймай, келесі автобусты күтуге мәжбүр болған әйел өз шағымын камераға түсіріп алып, қонаевтықтардың ортақ WhatsApp чатына жіберген. Аталған мәселе бойынша Alataunews.kz тілшілері зерттеу жүргізді.

05.09.2022
Жаңалықтар, Қоғам

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Jumagazy Aqerke (@akerke_zhumagazy)

«Төрт балам бар, 4 саяжайда тұрамын. Екі балам мектепке барады. Автобусты көп күтпегенімен, балам жылдағыдан кешігіп кеп жүр үйге. «Неге кеш келдің, сабақ 1-де біткен. Балалармен ойнап кеттің ба?», — десем, «ойнамадық, бір автобусты жіберіп барып, екіншісіне міндік», — деп жауап берді балам. Оқу жылының басталғаны қазір ғана. Күн жылы. Қақаған қыста балаларымыз аялдамада бүрсең қағып тұра ма? Қонаев облыс орталығы болмағанда жағдай жақсы болатын. Алға жылжудың орнына, артқа кетіп барамыз», — дейді атын жасыруды сұраған көпбалалы ана.

Сондай-ақ, тұрғындардың айтуынша, еңбекақы көлемі — аз, одан бөлек, зейнеткерлер бар. 4 және 7 саяжайдан қалаға барып-келу үшін таксиге 2000 теңге керек. Бұны жұмыс жасайтын 22 күнге көбейткенде, тек жолға 44000 кетеді. Жұрттың қалтасы бұндай шығынды көтермейді.

Халықтың тағы бір уайымы — коронавирус. Олардың шағымына қарағанда, Қазақстанда коронавирустың жаңа дерегі күнде тіркеліп, жұрт күнде ауру жұқтырып жатқанда — автобуста сығылысып, бұрыла алмайтын халде жол жүру — дұрыс емес.

Аталған мәселеге Алматы облысы  жолаушы  көлігі  және  автомобиль жолдары  басқармасының айтар өз уәжі бар.

«Қазір 6 автобус 10 минут интервалмен жүріп жатыр. Ешқандай адам сыймай қалған, көп күткен жағдай бүгінге тіркелген жоқ. Кей автобустар істен шығып, қатарға қосылмай қалады. Сонда мәселе туындауы мүмкін. Бір видеоға бола ылғи жағдай сондай екен деуге болмайды. Ал оқушыларды тасымалдау — білім басқармасының құзіретінде. Ол туралы жауап бере алмаймын. Көш жүре түзеледі дегендей, ауданаралық, қалалар арасындағы маршруттарды ретке келтіру бойынша шараларды қолға алып жатырмыз. Және Қонаев ішінде де жаңа маршруттар ашылады», — дейді аталған басқарманың бөлім басшысы Қанат Шарапиев.

Ол тұрғындардың түйіткілді мәселесі алдағы уақытта өз шешімін табатынын айтты.

Тегтер: көлікҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz