Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен экстремистік әдебиеттерді оқып, таратқан екі қазақстандықты ұстады.
«2023 жылдың 9 қыркүйегінде Ақтөбеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті полицияның қатысуымен радикалды діни ұйымның көзін жойды. Олардың тұрғылықты жерінен экстремистік бағыттағы әдебиеттер мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Материалдар Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», — делінген ҚР ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтыны атап өтілген.