12 °c
Qonaev
Сенбі, Наурыз 25, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Сайлау-2023

Бұл сайлау сөзсіз еркін өтті – Ресей Федерациясының байқаушылары

Ресей Федерациясынан келген байқаушылар миссиясының құрамындағы сарапшылар Алматыдағы сайлау барысына дайындықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Айдана Дайырова
19.03.2023
Сайлау-2023
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Миссия құрамы Алматыдағы 10 сайлау учаскесін аралап шықты.

«Біздің миссия тағайындалған күннен бастап сайлау барысын жіті бақылап отырды. Біз сайлау комиссиялары мен сайлаушылардың бұл науқанға қаншалықты дайын екенін көрдік. 10-нан астам учаскелерді араладық. Осынша мөлшердегі тәуелсіз, ішкі қазақстандық байқаушыларды көптен бері барлық сайлау учаскелерінен көрмеген едік. Ең азы 9 адам, бір учаскеде 25 адам болды. Бұл тек партиялардан, кандидаттар атынан болған байқаушылар», – деді Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулдығының консул-кеңесшісі Артем Оганов.

Сайлау барысына МГИМО (РФ) халықаралық зерттеулер институты Еуроазиаттық зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері Князев Александр Алексеевич жоғары баға берді. Сарапшы дауыс беру қорытындысы сайлау барысынан әлдеқайда маңызды деген пікір білдірді.

«Менің ойымша, сайлаудың өзінен де маңыздысы – оның нәтижесі. Бұл Парламенттің жаңа палатасын құру, оның құрамы бұрынғысына қарағанда Қазақстан Президенті жүргізіп жатқан реформаларға көбірек сәйкес келеді», – деді ол.

Сарапшылардың ойы бір жерден шығып, олар сайлау үдерісінің ашықтығын және сайлау комиссияларының біліктілігінің жоғары деңгейін атап өтті. Спикерлер сонымен қатар кедергісіз ортасы бар сайлау учаскелерінің барына да назар аударды.

Тегтер: сайлау2023

Ұсынымдар

2024 жылы Өтеген батыр ауылында Мәдениет үйі қолданысқа беріледі

24.03.2023

Алматы облысында халықты жайылым жермен қамтамасыз ету үшін комиссия құрылады

24.03.2023
Фото: Аслан Қажеке

Марат Сұлтанғазиев «Береке» аймағын инженерлік желімен қамтуды тапсырды

24.03.2023
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматтан қару тәркіленді 

24.03.2023

Шарын ұлттық саябағында Sharyn визит-орталығы ашылды

24.03.2023

«Qnet» қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

24.03.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz