Учаске төрағасы Анар Басшыбаева тұңғыш рет өз таңдауын жасаған сайлаушыға арнайы сыйлық тарту етті.
«Қонаев көпсалалы колледжінің 3-курс студентімін. «Адалдық» еріктілер тобының жетекшісі болып қоғамдық қызмет атқарамын. Еліміздің ертеңі үшін әрбір сайлаушының даусы маңызды. Сондықтан барша сайлаушыларды өз таңдауын жасауға шақырамын», – дейді Гүлім Жаңаберген.