7 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Сайлау-2023

Сайлау-2023: Бас прокуратура тыныштық күніне қатысты мәлімдеме жасады

Еліміздің Бас прокуратурасы 19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау алдындағы тыныштық күні талаптарын еске салды.

Ғалия Мұхамбетқызы
17.03.2023
Сайлау-2023
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Бүгін сағат 00:00-де сайлауалды үгіт жұмыстары кезеңі аяқталады. Ертең, 18 наурызда және дауыс беру күні – 19 наурызда кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 32-бабы). Сонымен қатар 14 наурыздан бастап БАҚ-та сауалнама нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға, кандидаттарды қолдауға дауыс беруге байланысты өзге зерттеулерді жариялауға да жол берілмейді. Яғни сауалнаманы дауыс беруге арналған үй-жайда немесе бекетте жүргізуге болмайды («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы)», – деді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар еткен заңды тұлғалар ғана сайлау учаскелерінен шыға берісте сауалнама жүргізе алады.

«Аталған сауалнамалардың нәтижелерін БАҚ-да дауыс беру күнінен кейін, яғни 2023 жылғы 20 наурыз сағат 00:00-ден бастап жариялауға рұқсат етіледі. Конституциялық заңның осы талаптарын орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102 және 120-баптарында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Аталған заң талаптары Парламент Мәжілісі депутаттарымен қатар, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына да қатысты», – дейді ол.

Тегтер: Бас прокуратурасайлаутыныштық күні

Ұсынымдар

Мереке күндері 20 мыңға жуық полицей азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

22.03.2023

Мемлекет басшысының атына Наурыз мейрамына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр

22.03.2023
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

22.03.2023
Фото: Alataunews.kz

Қонаев қаласында Наурыз мерекесін атап өту ағаш егуден басталды

22.03.2023

Ауғанстандағы жер сілкінісі Тараз бен Шымкентке сезілді

21.03.2023
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Nomad Stunts тобының өнерін тамашалады

21.03.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz