Қазақстанда автогаздың жаңа бағасы бекітіліп, әр өңірде оның құны әртүрлі белгіленді. Ең жоғары баға Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында және Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жетісу, Абай, Ұлытау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Бұл аймақтарда 1 литр автогаздың құны 102 теңгеге дейін көтерілді. Бұған дейін бұл өңірлерде сұйытылған газ 82-89 теңге аралығында сатылған еді.
Ал Шымкент қаласында, сондай-ақ Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында газ бағасы 70-90 теңге аралығында бекітілді.
Ең төменгі баға Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында белгіленді, мұнда автогаз литріне 77 теңге болып бекітілді. Тек Маңғыстау облысында баға сәл ғана өзгеріп, бұрынғы 59 теңгеден 65 теңгеге дейін көтерілді.