«Кейінгі 5 жылда Қазақстанда грант саны 1,4 есеге өсті. 2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінді. Сонымен қатар, биыл 1 қыркүйектен бастап стипендия мөлшері өседі. Бакалавриат үшін стипендия 52 372 теңге, магистратура үшін 117 098 теңге және докторанттар үшін 262 500 теңге болады», — деді вице-министр.
Яғни биыл бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады.