-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

15 жасар Жібек Құлымбетова Абу-Дабиде тағы чемпион атанды

Джиу-джитсу және грэпплингтен бес дүркін әлем чемпионы Жібек Құлымбетова БАӘ-нің Абу-Даби қаласында өткен AJP Tour Asia Continental PRO - GI халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Араб елдерінде 15 жасар қазақ қызының аты танымал болған, деп хабарлайды Alataunews.kz

Ғалия Мұхамбетқызы
05.10.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«15 жастағы қазақ қызы өзінен үлкен 18 жастағы және 26 жастағы қарсыластарын тізе бүктірді. Бұл Жібектің ересектер арасына шығып күш сынасқан алғашқы жарысы», – дейді жаттықтырушы Нұрсұлтан Орынбасаров.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы клубтың бас бапкері Нұрсұлтан Орынбасаров турнирге Жібек Құлымбетовадан бөлек тағы үш спортшының қатысқанын айтты.

«Олардың барлығы мықты қарсыластармен сынға түсті. Жасыл белбеу иегерлері арасынан шәкіртіміз Нұрай Алтынбек екінші орын алса, қара белбеу иегері Самат Айтпанбет, өкінішке орай, жарақатына байланысты жеңіліп қалды. Қоңыр белбеу иегері Мақсат Мұратұлы да күміс жүлдегер атанды», – дейді бапкер.

Ал Жібек Құлымбетова – Алматы облысы Іле ауданындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Сағадат батыр -QTT» спорт клубының тәрбиеленушісі. Ол Абу-Дабиде джиу-джитсудан төрт дүркін әлем чемпионы және Мәскеуде өткен грэпплингтен әлем чемпионатының жеңімпазы.

«Жалпы бүл спортпен айналысқаныма 5 жылдан асты. Мен жасы үлкен спортшылармен жарысып, екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеттім. Әрине қиындық болды. Қазір мен күлгін белбеу турнирінің жеңімпазымын. Қолдау, тілектері үшін бәріне мың алғыс. Бапкерім Нұрсұлтан Орынбасаровқа ерекше алғыс айтамын», – дейді Жібек Құлымбетова.

Тегтер: Джиу-джитсу

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz