-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

2024 жылдан бастап сән-салтанат салығы туралы норма күшіне енеді

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сән-салтанат салығын енгізуге қатысты заң жобасы 2023 жылы талқыланатынын айтты.

Назым Текеспаева
22.12.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер министрден сән-салтанат салығына қатысты заңды қабылдау қай мерзімге жоспарланып отырғанын сұрады.

«Келесі жылы Салық кодексі бойынша негізгі жұмыстар атқарылады. Әсіресе, бірінші жартыжылдықта талқылап, ортақ шешімге келеміз. Біздің жоспарымызға сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Егер қосымша уақыт керек болса, біз оны қарастырамыз», – деді Ә. Қуантыров.

Сонымен қатар ол бір адамның атына тіркелген жылжымайтын мүлік саны көп болса, осы орайда қосымша салық енгізу мәселесі талқыланып жатқанын айтты.

«Бұл тұрғыда салық салудың түрлі нұсқасы пысықталып отыр. Әрине, бұл салық мүмкіндігі бар ауқатты адамдарға қатысты болады. Атап айтқанда, тиісті заң жобасы 2023 жылдың күзінде Парламент қарауына енгізіледі деген жоспар бар», – деді ведомство басшысы.

Осыған дейін министр сән-салтанат салығы жеке яхта, жеке ұшақ сияқты дүниелерге салынатынын, яғни ірі сомаға мүлік сатып алғандарға қатысты екенін түсіндірген еді.

Айта кетейік, биыл қыркүйек айындағы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салық реформасы аясында «сән-салтанатқа салық» салуды енгізу керек екенін айтты.

«Мұның орта тапқа қатысы жоқ, бұл салық тек аса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік сатып алған кезде салынады», – деді Президент.

Тегтер: Әлібек Қуантыровсән-салтанат салығы

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz