Бұл күн Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңында мемлекеттік мереке ретінде ресми түрде белгіленген. Содан бері 4 маусым елімізде 2007 жылдан бастап дәстүрлі түрде аталып келеді.
Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері — Ту, Елтаңба және Әнұран — 1992 жылғы 4 маусымда қабылданды. Бұл күн — ел тәуелсіздігінің нығаюындағы маңызды тарихи белестердің бірі.
«Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің бірегейлігі мен егемендігін білдіретін ажырамас атрибуттардың бірі», — делінген Ақорда таратқан ресми хабарламада.