Әлемжелідегі парақшасы арқылы өзін «кінәсізбін» деп мәлімдеген экс-министр, тағылған айыптарды толығымен жоққа шығарып отыр.
«Аштық жариялаудан өзге амалым қалмады», — дейді.
Ал желідегі жұрт абақтыда отырған адамның Facebook-ке қалай кіргеніне аң-таң. Желіні Мұхамедиұлының өзі жүргізе алмайтыны анық, сондықтан экс-шендінің парақшасын оның сенімді өкілі немесе жақындары белсенді қолдануы ықтимал.
Мұхамедиұлы ұлттық музейдің директоры болған тұста «бюджеттен бөлінген 221 млн теңгені
жұтып қойды» деген айыппен 8 жылға сотталған. Ол өзіне тағылған айыптармен келіспей, «жұмысым бір адамдарға ұнамай жатыр» деген.
Былтырғы жылдың ақпанында Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Арыстанбекті «аса ірі көлемде пара беруге оқталған» деп танып, оның жаза мерзіміне тағы үш жыл қосып, түпкілікті 11 жылға бас бостандығынан айырған.
Мұхамедиұлы 2014–2019 жылдары (Әбішұлының тұсында) Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Оған дейін Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын басқарған.