-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Әлем чемпионы атанған Шеңгелді ауылының спортшысы елге оралды

Алматы облысы Шеңгелді ауылының тумасы Бекнұр Тәңірберген Арменияда өткен әлем чемпионатында топ жарды. Бұл жарыс Ереван қаласында қазанның 13-16 күндері аралығында өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

Ақерке Жұмағазықызы
21.10.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Әлемнің 46 елінен жиналған 71 келі салмақтағы 500 спортшы ішінен Бекнұр оқ бойы оза шапты.

«Үлкен спортқа қадамды Шеңгелдіде жүріп бастадым. Мұнда мен дзюдо спорттық үйірмесіне қатыстым. Дзюдоның самбоға, қазақ күресіне ұқсастығы үш спорт түрінен де түрлі жарыстарға баруыма мүмкіндік берді. Қазіргі таңда мен бұл үшеуінен де Қазақстан чемпионымын, спорт шеберімін. Сондай-ақ қазақ күресінен Азия біріншілігінің жүлдегерімін», – деді спортшы сұхбат барысында.

Ал жаттықтырушысы Мәди Сапин болса Бекнұрдың тынбай 13 жыл шыныққанын айтады.

«Жақында өткен әлем чемпионатында Армения мен Грекияның спортшыларымен күресті. Оларды жеңген соң, финалда Қырғызстан жігітімен кездесті. 10-4 есебімен қарсыласын ойсырата жеңіп, басым түсті. Осылайша, қанжығамыз майланды. Біз мұнымен тоқтамай, алдағы келе жатқан додаларда топ жару үшін жаттыға береміз», – деді жаттықтырушы.

Ұсынымдар

Түрмеге нанның арасына телефон жасырып өткізбек болған әйелдің әрекеті әшкере болды

01.02.2023

Алматы облысында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай кеңес өтті

01.02.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

01.02.2023
Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

«Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz