Заңға сәйкес, сабақтар мен жиындар кезінде әскери қызметші мәртебесін алатын «резервтегі әскери адам» деген жаңа ұғым енгізілмек.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдиновтің айтуынша, қазіргі таңда елімізде мерзімді және келісімшарт бойынша әскери қызметшілер бар. Енді бұл қатарға резервтегі әскери қызмет қосылады. Резервтегі қызметке іріктеу ерікті түрде жүргізіледі.
«Алдымен әскери тәжірибесі бар, мерзімді қызметтен өткен немесе келісімшарт бойынша қатардағы, сержанттық, офицерлік құрамдарда қызмет еткен азаматтар таңдалады. Резервтегі қызмет – әлеуметтік сатының бір бөлігі ретінде зейнетке шыққан әскери қызметшілерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді Қамалетдинов Мәжіліс кулуарында.
Жас шектеулері сарбаздар мен сержанттар үшін 50 жасқа дейін, ал офицерлер үшін 60 жасқа дейін белгіленген.
Сонымен қатар, заңда резервтегі әскери адамдардың әлеуметтік қамсыз