Мамандардың болжауынша, атмосфералық процестердің жиі алмасуына байланысты ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Циклондар мен оларға ілесетін фронтальды жүйелер еліміздің түрлі өңірлерінде бірінен соң бірі алмасып отырады.
«Алдағы күндері еліміздің солтүстік-батысынан келетін жаңа циклон найзағайлы жауын-шашын алып келеді. Батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде жаңбыр күшейіп, кей аймақтарда бұршақ жаууы ықтимал», — деп хабарлайды «Қазгидромет» мамандары.
Республиканың солтүстік бөлігінде күндізгі ауа температурасы 20–28 градус жылы аралығында сақталады. Ал оңтүстік өңірлерде алдағы күндері салқын болады.
7 маусым күні түстен кейін еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы 27–35°С деңгейінде болады.