Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері атмосфералық фронттардың әсері сақталып, жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман және екпінді жел күтіледі. Кей аймақтарда шаңды дауыл мен шквал болады.
Ескерту жасалған өңірлер:
– Орталық және оңтүстік-шығыста түнде қатты жаңбыр жауады;
– Солтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал;
– Жауын-шашынсыз ауа райы тек республиканың оңтүстік-батысында күтіледі;
– Алакөл маңында жел жылдамдығы 30 м/с дейін жетуі мүмкін.
Түнгі үсік күтілетін өңірлер:
– Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облысының солтүстігінде -3°С дейін суытады.
Қала бойынша ауа райы болжамы:
Астана
-
14 сәуір: жаңбыр, түнде кейде қатты. Жел 15–20 м/с. Түнде +2…+4°, күндіз +13…+15°.
-
15 сәуір: түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр. Түнде 0…+2°, күндіз +10…+12°.
-
16 сәуір: түнде жаңбыр мен қар, күндіз бұлтты. Түнде 0…+2°, күндіз +13…+15°.
Алматы
-
14 сәуір: күндіз қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, шквал. Жел 18–23 м/с. Түнде +13…+15°, күндіз +21…+23°.
-
15 сәуір: жаңбыр, найзағай. Түнде +11…+13°, күндіз +19…+21°.
-
16 сәуір: жауын-шашын, найзағай. Түнде +10…+12°, күндіз +15…+17°.
Шымкент
-
14 сәуір: түнде жаңбыр, найзағай. Жел 15–20 м/с. Түнде +12…+14°, күндіз +23…+25°.
-
15 сәуір: жауын-шашынсыз. Түнде +10…+12°, күндіз +23…+25°.
-
16 сәуір: найзағайлы жаңбыр. Түнде +8…+10°, күндіз +18…+20°.
Синоптиктер алыс жолға шығатын немесе ашық алаңда жұмыс істейтін тұрғындарға абай болуға кеңес береді.
Фото: egemen.kz